ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ – БАСТЫ МІНДЕТ

Аймақтағы дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен облыстық, аудандық және қалалық терроризмге қарсы комиссия аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын өткізіліп келеді. Соның бірі – облыс орталығындағы мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында еліміздегі діннің рөлі және мемлекеттің дін саясатын жүзеге асыруы жайында оқыту семинары.

 

Қызметкерлерді оқыту курсының негізгі мақсаты аудан тұрғындары арасында қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту, үйлесімділікті, бей­бітшілікті және өзара келісімді қамтамасыз ету, тұрғындарды діни экстремизм мен терроризмнен қорғау бағытында жұмыс жасайтын ақпараттық-насихаттық топтарына әдістемелік көмек көрсету болып табылады.

Сонымен қатар комиссия мүшелері жалған діни ағымдардан зардап шеккен тұлғаларға құқықтық, психологиялық тұрғыдан бағыт-бағдар беруге, тұрғындармен жүргізілетін ақпараттық-насихат жұмыстарының сапасын арттыруға міндетті.

Оқыту семинарында облыстық дін істері басқармасының басшысы Н.Жәлиев, облыстық дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Б.Камалов, облыстық ішкі істер департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі, полиция майоры Н.Үсенұлы, ҚМУ-дың аға оқытушысы, дінтану магистрі Б.Оспанов түрлі тақырыпта әңгіме өрбітті, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Семинарда еліміздегі діни ахуалдың барысы, жас­тардың діни сауаты, әлеуметтік желілер мен ин­тернеттегі діни мәселелер кеңінен талқыланды.

 

Гүлнұр РЕЙМБЕРГЕН.


ҚОҒАМ 25 қазан 2014 г. 911 0