ОЛАРДЫҢ МАҚСАТЫ – БҮЛІК

«Ат-Тәкфір уаль-Хиджра» ұйымы экстремистік деп танылып, Қазақстан аумағында тыйым салынды

Исламдағы ең ауыр қылмыстардың бірі –фитна, яғни алауыздық, бүлік тарату болып саналады. Мұсылмандардың арасында іріткі салған адам, оларға жау болып табылады, себебі ол ағайынды ағайынға, діндарды діндарға қарсы қояды.

 

Фитна – мұсылман қауы­мының өміріндегі ең жаман ке­зең. Хадистерге сәйкес, кімде-кім бір дінді ұстанушыларды бір біріне қарсы қойып, жалған айыптаулар істесе, сондай-ақ қыл­мыс істеуге дайын болса, оларды ауыр жаза күтіп тұрғаны бекер емес. Керісінше, кім ізгі ниет пен татулыққа шақырса, ол адам екі дүниенің бақытына кенеледі. Абу Дауд Мұхаммед пайғамбардың келесі сөздерін жет­кізген: «Бүлік таратудан ау­лақ болғандар шын мәнінде ба­қытты».

Бүгінгі күні ислам іліміне ер­кін түрде түсінік беру ғаламдық геосаяси күрестің маңызды бө­лігіне айналды. Фанатизм мен төзімсіздіктің жақтастары қо­ғамды ішінен бөлу және араб әлеміндегі зайырлы режим­дер­ді бірінен кейін бірін жою ар­қылы мұсылмандардың сенім­дерін алдап-арбайтын түрлі әре­кеттерге барады. Діни ра­ди­кализм ғасырлар бойы қа­лып­тасқан салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыптарды жоққа шығару ар­қылы, исламның рухын және бейбітсүйгіштік және дінге ерік­тілік болмысын бұрмалайды.

Мұсылмандар арасында алау­ыз­дық тудыратын құралдардың бірі «ат-Тәкфір уаль-Хижра» экс­т­ремисттік ұйымы болып та­былады. Ағымдағы жылғы та­мызда Астана қаласының Сары­арқа аудандық соты аталған ұй­ымды экстремистік деп та­нып, Қазақстан Республикасы аума­ғында қызметіне тыйым салды.

Тәкфиризм идеологиясы не­ні көздейді, оның тәжірибесі қан­дай? Бірінші кезекте, ол ұй­ымның атауында көрсетілген екі элемент: тәкфір және хижра. «Тәкфір» – кәпір деп айыптау не­месе үкім шығару. Осы ұй­ым­ның жақтастары өздерінің мүд­десіне сай келмеген кез кел­ген мемлекетті «кәпір елі» деп айыптай салады. Тәкфір үкі­мі билік өкілдеріне, оның ішін­де саяси лидерлерге, қару­лы күш­тер мен құқық қорғау ор­ган­дары өкілдеріне де қатысты шы­ғарылады. Сондай-ақ осындай мемлекетті «тағұт» («пұтқа та­бы­ну­шылар») мемлекеті деп атай­­ды және соңында оған қарсы жи­хад жарияланады.

Олардың қызметіндегі екінші элемент – «хижра». Классикалық исламда хижра діни ілімін қор­ғау мақсатында жер аудару деп түсініледі. Бірінші хижраны мұ­сылмандардың өмірін сақтап қа­лу үшін Меккеден Медина­ға өзінің серіктестерімен Мұхам­мед пайғамбар жасаған. Алайда радикализм идеологтары оны өзгеше түсіндіреді. Олар үшін хижра – ол қоғамнан тікелей немес жанама бөлектену, басқа елдерге шығу.

Сонымен қатар, тәкфіршілік жолын қуушылар – әсіресе өз­дерінің қатарларына қосудың бас­тапқы кезеңдерінде жасы­рын­ды күнгірт хиджра-се­зім арқылы оқшалауды пайдала­на­ды. Тәжірибеде бұл қоғаммен, сон­дай-ақ бұрынғы қоршаған ор­тасында дәстүрлі исламға ұс­танушылармен барлық қаты­настарды үзу болып табылады. Бұл әдетті тұрмыс салтынан бас тарту, сыртқы келбетін және «кә­фір» деп атауға болатын барлық нәрселерді өзгерту.

Қалыптасқан тұрмыс-салттан бас тарту, сыртқы келбетін, киі­мін және «кәпірлік» деп атауға болатындардың барлығын өзгер­ту туралы айтылуда.

Фанатизмнің жақтастары аса керітартпалықты жақтауы, салт-дәстүрден, қалыптасқан қо­ғам­ның негіздерінен бас тар­туы, олардың мұсылмандық ілім­де біржақты әрі тікелей тү­сі­ніктемеге сүйенетіндігінен кө­­рі­неді. Олар туған күнді той­­лау, аптадағы күнді ерек­ше белгілеу, түрлі діни мере­ке­лер, мерейтойлар жасау, та­ны­мал адамдарға ескерткіш ор­нату, қазалы күнге қатысты жи­ындарды жасау және сол жи­ындардағы түрлі шараларды (мы­салы, жоқтау айту) ұйым­дас­тыру, мазарларды тұрғызу және тағы сол сияқты шараларды жол берілмейтін жаңашылдық (бид­ғад) деп түсінеді.

Өкінішке орай Қазақстанда да белгілі бір деңгейде таралған тәкфіршілдердің тәжірибесі зай­ырлы заңдар мен зайырлы мем­лекетті жоққа шығарумен ты­ғыз байланысты.Осылайша, ра­дикалдар қоғамның этно-мә­дени және конфессионалдық үй­лесімін бұза отырып өздерін шы­найы ислам дінінің жалғыз ұстанушылары деп жариялайды. Шындығында, олар салт-дәс­түр­­лері мен мәдениетін мұсыл­ман­дық аясында қалыптастырған қазақ халқының бай тарихи тә­жірибесін жоққа шығарып ру­хани нигилизм танытады. Олар үшін біздің өткен тарихымыз бар болғаны адасқан және күпірлік жолы. Ал ислам діні Қазақстанға тәк­фіршілердің арқасында келді деп санайды.

Сөзсіз, радикалдар өздерінің сенімдерімен мұсылмандық ілім­нің рухын да, мағынасын да жою­да. Дәлелсіз «тәкфір» жа­риялау исламға тән сабырлық пен өзара түсінушілік шеңбе­рі­нен әлдеқайда шығып отыр. Радикалдар намаз оқы­май­тын­дардың барлығын кәпір са­най­ды. Бес уақыт намаз оқуы мұ­сыл­мандар үшін маңызды та­лап­тардың бірі болып табылады.Алайда, басқа бірін кәпір деп жа­риялау үшін Алланы жоққа шы­ғару, басқа құдайларды мойын­дау, Пайғамбар мен Құранды жоққа шығару немесе тіл тигізу сияқты үлкен күнәлар жасаған жағдайлар секілді анағұрлым дәй­екті дәлелдер қажет қой. Сон­дай-ақ, «тәкфір» жариялау тәр­тібі бірқатар шарттарды орын­дауды қажет етеді және бұл ис­ламдық құқық саласындағы атақ­ты ғұламалардың құзыретіндегі іс. Тиісті білімі және өмірлік тә­жірибесі жоқ кез келген адам бұндай маңызды шешім қа­былдай алмайды.

Радикализмнің қармағына ілін­ген адам тез арада өз елінің рухани мұрасын мойындамай, пат­риотизм мен адамгершілік қа­сиеттерден бас тарта бастай­ды. Өзінің ата-анасын намаз оқы­мағандары үшін кәпір деп айыптап, жалған сеніммен тіпті жанұясынан да бас тартады. Осы­ның жалғасы ретінде ол әлем­нің түрлі бұрыштарында қа­рулы жанжалдарға қатысатын террористік ұйымның мүшесіне айналғанын өзі де байқамай қа­луы мүмкін. Өкінішке орай, Қа­зақстандық жастарды содыр­лар­дың қатарына тоқтамай қо­сы­лу фактілері анықталуда. Отан­дастарымыздың қарулы жан­жалдарға қатысу үшін Си­рияға кетуі тәкфіршілдікті насихат­тау­дың салдарынан деп айтуға бо­лады.

Тәкфіршілік алдымен, пай­­да­кү­немдік мақ­саттарға, мем­­­ле­кеттік құ­рылымды әл­сі­­рету­ге және қо­ғамды тұ­рақ­сыз­дан­дыру­ға жетуге ба­ғытталған ис­лам ілімін бұр­ма­лайтын саяси қоз­ғалыс екенін тү­сіну қажет. Ра­дикалдық ұйымдар гео­сая­си күрестің сыналған құ­ралы бо­лып табылатыны мәлім жә­не қаржыландыру арналары шет­елден бастау алатыны кез­дейсоқтық емес. Тәкфіршілдік пен жихадизм идеялары арқы­лы санаулы айлар ішінде тұрақ­ты мемлекетті азаматтық соғы­сы­ның алаңына айналу мүмкін екен­дігіне Ливия, Сирия, Египет сияқ­ты мемлекеттердің қайғылы жағдайлар дәлел.

«Ат-Тәкфір уаль-Хижра» ұйы­мының Қазақстан аймағында тый­ым салынған ұйымдар тізі­міне енгізілуі баяндылықты, бей­бітшілікті және татулықты сақ­тау жолында маңызды қа­дам болып табылады. Дауға ша­қыратындар – біздің елімізді дұш­пандылық пен өшпенділік ала­ңына айналдырғысы келетін­дер, ақша мен билік үшін бей­біт азаматтардың қандарын тө­гуге дайын, өзін заңнан және қоғамнан тыс санайтындар.

 

Еcбосын СМАҒҰЛОВ,

Астана қаласы әкімдігінің "Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ директорының орынбасары, философия ғылымдарының кандидаты.


ҚОҒАМ 25 қазан 2014 г. 892 0