« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Сырдарияның "Тартоғай” мен "Ботабай”, "Байсал” мекендерінің арасындағы иінде арғы-бергі бетті қатыстыратын өткел бар. Бұл өткелге күні бүгінге дейін аспалы көпір түскен жоқ. Әуелгі қатынас желқайық, кейін жылжымалы паром, одан беріде қалқымалы көпірге ауысты.
Осы өткелде 1948 жылдан бастап қайықшы, паромшы болып жұмыс атқарған Айғара Қабылұлының есімі бұл өңір халқы үшін қадірлі есім.
1978 жылға дейін отыз жыл бойы осы кәсіпті мінсіз атқарған Айғара жолаушылар мен шаруашылық мүддесі үшін түн демей, күн демей, демалыс көрмей, ыстық, суыққа ұрынып еңбек етті. Кәсібіне сай ол кісі Мәскеуде оқып, "паромщик” деген куәлік те алған.
Айғара шалдың осы өткелмен біте қайнасып кеткені сонша, сумен сөйлесетін болған. Дүниеден баз кешіп, суға секіргісі келгендер Айғараны көргенде жар басынан түсіп, үнсіз райынан қайтады екен. Міне, осының өзі-ақ Айғараның Тартоғай өңірінің халқы үшін қаншалықты құрметті, қастерлі болғанын көрсетеді.
Тәуелсіздік алған жылдары ел жақсылары ауыл басшылығымен келісе отырып, Айғара Қабылұлын кейінгі ұрпаққа үлгі етіп, есте қалдыру мақсатында біз айтып отырған дария өткеліне "Айғара өткелі” деп ат берген еді.
Міне, бүгін сол белгі алынып тасталып отыр. Бұл жайында ауыл басшылары құлағдар болса да, ешқандай нәтижелі сөз айтқан емес. Дария өткелінен Айғара атын алып тастағанымен, ел-жұрт бәрібір бұл жерді "Айғара өткелі” деп атай береді. Өйткені ол халық жүрегіне сіңіп, жадына әбден бекіп алған жан. Ал, жергілікті биліктің халық пікірімен санасар түрі жоқ.
Ауыл тұрғындары атынан:
Жұмағали Оралбаев, Алтынбай Әлсейітов, Ерім Маханбетов, Жақсылық Мәжиханов, Серикбай Тәжібаев.
Шиелі ауданы,
Тартоғай ауылы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |