ҚАМҚОРЛЫҚТАН ҚАҒАЖУ ҚАЛМАЙДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөлу керек, олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс деген болатын.

Аудан әкімі бюджеттен 3 мил­лион теңге қар­жы бөліп, сол қар­жының арқасында бірқатар іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесінде мүмкіндігі шектеулі әйелдерге құрмет көрсетілсе, Наурыз мерекесіне орай 50 мүгедекке сый-сияпат жасалды. Сондай-ақ, 1-мамыр – Қазақстанның халық бірлігі күні, 7-мамыр Қазақстан Қарулы күштері күнінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған үлкен қайырымдылық шара ұйымдастырылса, 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай мүмкіндігі шектеулі балалар арасында спорттық шаралар өтті. Жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен сыйлықтар тапсырылды.

Бұдан басқа шілде айының 16 жұлдызында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында аудандық спартакиада ұйымдастырылып, 12 тамызда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдар­ламалар бө­лімі жанынан мүмкіндігі шек­­теулі жандардың демалып, көңіл көтеретін аула клубы ашылды. Ал, айдың соңында мүмкін­­ді­­гі шек­теулі жандар арасында "Бә­ріміз бірдейміз!” атты ау­­­­дандық көркемөнерпаздар бай­­­қауы өткі­зіл­­­ді. Қазіргі таңда мүмкін­дігі шек­­­­­­­­­­­теулі жандарға қыз­мет көрсе­те­тін "ИнваТакси” жұмыс жасай­ды.

Жоғарыда аталған іс-шара­ларға қол ұшын созып, қамқорлық көрсеткені үшін аудан әкімі Бақыт Дүйсенұлына мүмкіндігі шектеулі азаматтар атынан алғысымыз шексіз.

Е.ТҰРЫМ,

Қазалы аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы.


ҚОҒАМ 13 қазан 2014 г. 880 0