« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөлу керек, олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс деген болатын.
Аудан әкімі бюджеттен 3 миллион теңге қаржы бөліп, сол қаржының арқасында бірқатар іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесінде мүмкіндігі шектеулі әйелдерге құрмет көрсетілсе, Наурыз мерекесіне орай 50 мүгедекке сый-сияпат жасалды. Сондай-ақ, 1-мамыр – Қазақстанның халық бірлігі күні, 7-мамыр Қазақстан Қарулы күштері күнінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған үлкен қайырымдылық шара ұйымдастырылса, 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай мүмкіндігі шектеулі балалар арасында спорттық шаралар өтті. Жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен сыйлықтар тапсырылды.
Бұдан басқа шілде айының 16 жұлдызында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында аудандық спартакиада ұйымдастырылып, 12 тамызда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанынан мүмкіндігі шектеулі жандардың демалып, көңіл көтеретін аула клубы ашылды. Ал, айдың соңында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында "Бәріміз бірдейміз!” атты аудандық көркемөнерпаздар байқауы өткізілді. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін "ИнваТакси” жұмыс жасайды.
Жоғарыда аталған іс-шараларға қол ұшын созып, қамқорлық көрсеткені үшін аудан әкімі Бақыт Дүйсенұлына мүмкіндігі шектеулі азаматтар атынан алғысымыз шексіз.
Е.ТҰРЫМ,
Қазалы аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |