БОЛАШАҚ ГЕОЛОГТАР

Жақында  "Серпiн-2050” "Мәңгілік ел жастары - индустрияға” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында ҰБТ көрсеткіші төмен оқушыларға грант бөлініп, олар білімін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік алған болатын. Осы орайда республикаға бөлінген 1000 оқу грантының 470-ін қызылордалық  жастар жеңіп алды. Солардың бірқатары жұма күні ШҚО-дағы "Семей геодезия және картография” колледжіне білім алуға атанды. Оларды білім саласының мамандары мен белсенді жастар ұйымының жетекшілері және ата-аналары шығарып салды.
Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру үшін еліміздің Оңтүстік өңіріндегі жастардың білім алуына байланысты республикадағы оқу орындары бес аймаққа бөліп, ондағы университеттер мен колледждерде білім алуға қолдау жасалуда. Әрбір жас ҰБТ сертификаты мен жалпы ереже бойынша құжат тапсырып, мемлекеттік грантты иелене ала­ды. Сондай-ақ, олар бес аймақта орналасқан 23 колледж және 7 ЖОО оқу орындарында білім ала­ды.
– Қазіргі таңда жастарға білім алуға мемлекет тарапынан көптеген мүмкіндік жасап отыр. "Сер­пін-2050” бағдарламасы да соның бірі ретін­де қарастырылған. Аталған жоба негізінде белгі­ленген аймақтардағы оқу орындарына оқуға түс­кен жастарды шығарып салып жатырмыз. Бүгін 25 бала атанды. Онда оларға барлық жағдай жасалған. Жатын орны, тамағы, қыстық киімі, жолақасы бәрі де қарастырылған.   Ал, облыста арнайы штаб құрылып, олар ата-аналармен, жастармен кездесу ұйымдастырып, түсіндірме жұмыстарын жасап келеді, – деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Сайлыбаев.
Білім алуға аттанғандардың қатарында Терең­өзек ауылының тұрғыны Медет Беркімбаев  та бар. – Мен осы бағдарлама арқылы білім грантын жеңіп алдым. Сынақтан төмен балл жинадым. Ал, ақылы негізде оқуға қаражат тапшы болғандықтан оқуға түспеген болатынмын. Енді міне "Серпін-2050” бағдарламасының қолдауымен білім гранты иегері атандым. Қуанышымда шек жоқ, – дейді Медет пойызға мініп бара жатып.
Иә, әрбір жастың үмітін оятқан ұшқын оларды алға жетелейтіні анық.
 
Сара АДАЙБАЕВА.
ҚОҒАМ 02 қазан 2014 г. 862 0