« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Бүгінде әлеуметтік желілердің дәурені жүріп тұр. Әрбір жастың виртуалды әлемі бар. Олар көбіне әлеуметтік желіні байланыс құралы ретінде пайдаланады. Ал, енді бірі күнделікті жаңалықтарды біліп отыруға, яғни жедел ақпарат алуға мүмкіндік алады. Дегенмен, саны бар, сапасы жоқ дүниелер де артып келеді. Бұл жастарымыздың санасына кері әсерін тигізетіні анық. Осы орайда "Облыстық жастар одақтары” қоғамдық бірлестігінің мұрындық болуымен жастар арасында "Әлеуметтік желінің әлеуеті” атты дөңгелек үстел болып өтті. Оған блогерлер, белсенді жастар ұйымдарының мүшелері, жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері қатысты.
Шараның негізгі мақсаты- әлеуметтік желіні дұрыс қолдана білу, маңыздылығы мен пайдасы жайында толық ақпарат алу, әлеуметтік желінің қоғамдағы рөлі және жастар арасында жалпылама түсінік беру болып табылды.
Жиынды "Облыстық жастар одақтары” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ж.Алдабергенов ашып, жүргізіп отырды.
Осы орайда әлеуметтік желілердің түрлері мен ерекшелігі жөнінде блогер Ж.Серіков кеңінен тоқталып, түсіндірме жұмыстарын жасады. Арнайы дайындалған әлеуметтік желілерге байланысты слайдты жастар назарына ұсынып, әрбір желінің мүмкіншілігі мен қолданыс аясы туралы айтып өтті.
Дөңгелек үстел соңында жастар тақырыпқа байланысты сұрақтарын қойып, оған тұшымды жауап ала білді.
Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |