« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
– Мүлікті жария етуіне байланысты рахымшылық жасау туралы жоғарыдағы Заңды аймақ тұрғындары жақсы қабылдап жатыр. Десе де, осы Заңның қойып отырған талаптарын тұрғындарға егжей-тегжейлі баян етсеңіз?
– Елбасымыздың тікелей бастамасымен мүлікті жария ету жөнінде біржолғы акциясын өткізу негізінде жоғарыдағы Заң қабылданды. Бұл Заң ағымдағы жылдың 1-қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізіліп жатыр. Осы Заң мемлекеттің мүлікті, оның ішінде бұрын жариялы экономикалық айналымнан шығарылған ақшаны жария ету жөніндегі біржолғы акция өткізілуіне байланысты қабылданды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың табыстары мен мүлкін декларациялауға көшуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. Экономикалық зерттеулер институты сарапшыларының бағалануына сәйкес алдағы тұрған мүлікті жария ету кезінде 2,2 трлн. теңге көлеміндегі мүлік жария етіледі.
Осы Заң шеңберінде пайдаланатын негізгі ұғымдарды айта кетейін. Біріншіден, мүлікті жария еткені үшін алым осы заңда белгіленген. Мүлікті жария етуді өткізгені үшін бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлем. Екіншіден, мүлікті жария ету – табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес ресімделмеген, не тиісті емес тұлғаға ресімделген мүлікке құқықтарды мемлекеттік тану рәсімі. Үшінші, мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия ҚР Үкіметі айқындайтын тәртіппен жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерінен тұрады. ҚР аумағында тұрған мүлікті жария ету туралы, не жария етуден бас тарту туралы шешім шығаруға комиссия уәкілетті. Төртінші, мүлікті жария ету субъектілері – мүлкін осы заңда белгіленген тәртіппен жария ететін ҚР азаматтары, оралмандар және ҚР тұруға ықтиярхаты бар адамдар. Бесінші, тиісті емес тұлға – ол алған табыстарын жасыру мақсатында жария ету субъектісінің табыстарына сатып алынған мүліктің меншік иесі ретінде әрекет ететін тұлға. Жоғарыда айтқандай, мүлікті жария ету мерзімі ағымдағы жылдың 1-қыркүйегінен басталып, 2015 жылдың 31-желтоқсанында аяқталады. Ал, жария етуге ұсыну үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2015 жылдың 30-қарашасында аяқталады. Тағы бір айта кететін жайт, жария етілетін мүлік жөнінде ұсынылатын мәліметтердің толықтығы мен анықтығы үшін жария ету субъектілері жауапты болады. Жария етілген мүлікті ресімдеуге байланысты ҚР заңнамасында көзделген барлық шығысты жария ету субъектілері дербес төлейді.
– Мүлікті жария етуді өткізу үдерісі кезінде алынған ақпараттардың құпиялылығы қамтамасыз етіле ме?
– Әрине. Жоғарыдағы Заңға сәйкес мүлікті жария етуді өткізу процесінде алынған ақпараттардың құпиялылығы ҚР-ның заңдарымен кепілдендіріледі.
– Ақша мен мүлікті жария ету кезінде алым төлеу жүргізіле ме, мүлікті ресімдеумен байланысты шығыстарды кім төлейді?
– Жария етуші тұлғалардан жария ету кезіндегі алым екі жағдайда алынады: экономикаға инвестиция жасамай, екінші деңгейлі банктердегі арнайы есепшоттардан мерзімінен тыс (5 жылға дейін) ақшаны алғанда;
– ҚР-нан тыс жерлерде орналасқан, соның ішінде тиісті емес тұлғаға ресімделген мүлікке.
– Алыс көлемі ҚР аумағынан тыс жерлерде орналасқан мүліктің сатып алынған құны немесе мүліктің бағалау құнынан 10 пайызды құрайды. Жария етілген мүлікті ресімдеумен байланысты шығыстарды жария ету субъектілері төлейді.
– Келесі бір білмегіміз, қандай мүліктер мен ақшалар жария етуге жатпайды?
– Құқығы сотта дауласып жатқан мүліктер жария етуге жатпайды. Сондай-ақ, несие ретінде алынған ақшаларды да жария етуге болмайды.
– ҚР аумағынан тыс жерлерде орналасқан жылжымайтын мүлікті жария ету мүмкін бе?
– Мүмкін. Сонымен бірге ҚР-ның азаматтық заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлік деп айқындалатын мүлікке сәйкес келетін осындай мүлік мүлік деп танылады. Жария ету субъектісіне тиесілі, немесе, биылғы жылдың 1-қыркүйегіне дейін, яғни, жария ету бойынша науқан басталғанға дейін алынған мүлік жария етуге жатады.
– Кім мүлікті жария ету субъектісі болып табылады. Мүлікті жария ету кезінде комиссияның, болмаса салық органының шешімімен келіспеген жағдайда кімге шағымданамыз?
– Мүлікті жария ету субъектілері болып ҚР-ның азаматтары, оралмандар және ҚР-ында тұруға ықтиярхаты бар адамдар жатады. Егер, адам ҚР Қылмыстық кодексінің 222-бабы бойынша жауапқа тартылған болса, осыған байланысты соттың заңды күшіне енген үкімі болған жағдайда ондай адам жария ету субъекті болып табылмайды. Ал, әлгінде өзіңіз айтқандай, іс-әрекетпен келіспеген жағдайда ҚР заңдарымен көзделген тәртіп негізінде сотқа жүгіне аласыздар.
– Ендігі сөз кезегінде ақшаны жария етуге байлансты заңдылықты баян етсеңіз?
– Ақшаны жария еткенде, болмаса мүлік те жария етуші субъектінің кірісі болып саналмайды, содан да оларға табыс салығы салынбайды. Ақшаны жария еткен кезде алым төлеуі мүмкін. Егер, жария етілетін ақша жинақтау шотында, немесе, заңмен рұқсат етілген инвестициялау құралдарын пайдалану арқылы жария етілген ақшаны инвестициялаған жағдайдан басталады. Акция жинақтау шотына енгізілгеннен (аударылған) кезектен бастап жария етілді деп саналады. Сөз орайы келгенде айта кетейін, жария ету іс-әрекеті жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүліктің қамтылмайтынын ескергендеріңіз жөн.
– Мен жер учаскесін жария ете аламын ба, ал жылжымайтын мүлік шет елдерде болса ше?
– Айтайын дегенім, жер учаскесі жария етуге жататын мүліктер қатарына жатпайды. Сондай-ақ, заңмен салынған құрылыстарды, егер, олар жария ету субъектіне жеке меншік құқындағы тиесілі жер учаскесінде орналасқан жағдайда жария ету тәртібі көзделген. Мұндай объектілер жердің нысаналы мақсатына және де құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес болуы тиіс. Ал, шет елдегі жария ету субъектінің тұрғылықты орны бойынша салық органына құжаттар ұсынуларыңыз қажет.
– Соңғы сауал, осы Заң шеңберінде облыс көлемінде қауырт жұмысты бастап та жіберген боларсыздар?
– Дұрыс айтасыз. Осы Заң шеңберінде Қызылорда қаласы мен аудандық атқарушы органдардың жанынан Заң талаптарына сай комиссиялар құрылып, осы бағыттағы жұмыстар қызу жүргізіліп жатыр. Осы комиссиялардың бір мүшесі болып біздің кәсіпорынның қызметкерлері өкіл болып тағайындалды. Біздің ұжым қызметкерлері де бүгінгі таңда Заңды мүлтіксіз орындауға алдын ала мұқият дайындалып, халыққа қызметтерін бастап та кетті. Заңда айтылған жер учаскелері мүлікті жария етуге жатпайды. Содан да, жоғарыда айтқандай, заңдастырылған жер учаскесі үстінде орналасқан жылжымайтын мүліктерге техникалық паспорт дайындап береміз. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы түскен құжаттарды егжей-тегжейлі қарап, сызбасына кадастрлық нөмірін береміз. Сызбасын сызып, тағайындалған техникалық паспортты ережеге сай жария етушіге табыс етілуде. Ал, жария етуші азамат дайындалған техникалық паспортты алып, атқарушы орган комиссиясының қарауына табыс етеді. Комиссия тапсырылған құжатты 30 күн ішінде қарап, құқығын тіркету үшін жария етуші азаматқа табыс етеді.
Тағы бір айтпағым, біздің ұжым қызметкерлері Заң жобасын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы аймақ тұрғындарына барынша түсінік жұмыстарын жоспарлы жүргізуде. Өйткені, аймақ тұрғындарынан Заңға қатысты көптеген сауалдар толассыз түсуде. Әлі де көптеген сұрақтардың боларына көзіміз жетіп отыр. Сөз орайы келгенде айта кетейін, осы Заңға байланысты тұрғындарды толғандырып жүрген сауалдар болса, біздер дер кезінде жауап беруге әзірміз, яғни, есігіміз ашық. Сөз соңында жария етуге ұсыну үшін құжаттарды тапсыру мерзімі ағымдағы жылдың 1-қыркүйегінен басталды.
– Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан: Еркін ӘБІЛ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |