ҚҰТТЫҚТАУ

Құрметті қызылордалықтар!

Қымбатты жерлестер!

Баршаңызды еліміздің ұлық мерекесі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Азаттықтың алтын арқауына айналған Ата Заң – тәуелсіздікпен біте қайнасқан егіз ұғым. Бұл – халықтың қалауымен, тағдырдың тартуымен келген барлық істің алтын таразысы болатын негізгі Заң.

Елбасымыз, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Негізгі Заңымыз Қазақстанның ХХІ ғасырдағы жемісті жолының берік іргетасы болып табылады. Конституция – бүкіл халықтың ерік-жігері. Негізгі Заңның арқасында біз тарихи дәуірлер кезеңін сенімділікпен еңсердік» деді.

Халықтың сан ғасырлық арманы орындалып, Тәуелсіздікті сақтап қалу мәселесі туғанда Тұңғыш Президентіміздің биік парасатымен, болашақты болжаған асқақ ойымен жаңа Конституция қабылдау туралы ұсынысты халықтың таңдауына беруі және оны халықтың қолдауы бүгінгі бейбіт өмірдің айқын көрінісі.

Біздің Ата Заңымыз елдің бірлігін, қоғамның қауіпсіздігін, ұлттар мен ұлыстардың татулығын, ең бастысы – жеке адамның бостандығы мен құқықтарын қорғайды.

Конституциялық қағидаларды берік ұстанудың арқасында заңдардың қызмет аясы кеңейіп, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның үдемелі дамуына жол ашылды.

Бүгінгі Қазақстанның әлем мойындаған өркенді өзгерістері Ата Заңымыздың аясында жүзеге асуда.

Елбасымыз айтқандай, біз тәуелсіздік арқылы ғасырлық мәні бар орасан зор жетістіктерге қол жеткіздік. Ұлы далада жаңа тұрпатты, қуатты мемлекет құрып, ұлысты ұйыстыра алдық.

Қоғамның қарқынды дамуына, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заң да өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Негізгі Заңның қағидаттарына сүйене отырып, Қазақстанның тұрақты дамуына, азаматтардың әл-ауқатының жақсаруын қамтамасыз етуге, бүгінгі қоғамдық санада еңбек адамдарын қадірлеу, қастерлеу арқылы жастардың санасына, таным-түсінігіне ел дамуы тек еселі еңбекпен ғана шындыққа айналатындығын ұғындыруға ұмтылыс жалғаса береді.

Ата Заңымыз ғұмырлы, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Құрметпен,

Қызылорда облысы мәслихатының

хатшысы Б. Еламанов.

ҚОҒАМ 30 тамыз 2014 г. 1 329 0