« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Италиядағы Humanitas Gavazzeni ауруханасының дәрігер-реаниматологы Daniele Macchini пандемия жөнінде, өз емханасындағы жағдай туралы пост жазыпты.
Қытайлық дәрігерлер шектеуге байланысты эпидемия туралы жарытып айтпап еді. Итальян дәрігері былай дейді:
"Болып жатқан жағдай туралы жазу-жазбау туралы ұзақ ойланып, үнсіздік те жауапкершілік артатынын түсіндім.
Сондықтан біздің не істеп-не қойып жүргенімізден бейхабар адамдарға бұл күндері Бергамода Covid-19 індетімен күресті қалай жүргізіп жатқанымызды айтқым келеді. Жұртты дүрліктірудің қажеті жоқ екенін жақсы түсінемін, алайда болып жатқан жағдайдың қаншалықты қауіпті екенін кей адамдар білмей қала ма деп алаңдаймын.
Өткен аптада жауымыз әлі қарасын көрсетпей тұрғанда ауруханамызды алдын ала дайындадық. Мүмкіндігінше көп палата босату, төсек орын дайындау үшін емделушілерді үйлеріне қайтардық. Тіпі интенсив терапиядағылардың палаталары да босатылды.
Әлі басталмаған соғысты күткен сәттегі аурухана дәлізі сюрреалистік картинаға ұқсайтын еді. Көптеген медицина қызметкерлері (оның ішінде мен де бармын) соғыс соншалық жауыздықпен келетінін білмеп едік.
Бір апта бұрын талдау нәтижесін күткенім есімде. Ол кезде вирусты жұқтырған бір адамның болуының өзі адам сенгісіз, ақылға сыймайтын, бірақ бұл ойдың өзі дегбірді қашыратын еді. Қазіргі жағдай тым жылдам шиеленіскен драмаға ұқсайды.
Қазір соғыс алаңында жүрміз. Шайқас күні-түні толастамайды. Төсек-орын тапшылығы қатты сезілуде. Босатып қойған бөлімшелер бірінен соң бірі лық толып жатыр.
Жағдайларының ауырлығына байланысты есімдері әртүрлі түспен жазылған тақтайшалар қазір қып-қызыл. Көпшілігінің жағдайы күрт қиындап кетті: екіжақты интерстициал пневмония.
Енді маған түсіндіре қойыңызшы, тұмаудың қай түрі мұндай екпінмен адам өмірін жалмап еді? Эпидемиялық катастрофа болып жатыр, ал адамдар вирустан қорқатын түгі жоқ деп бөседі, бұрынғы өмір салтының бұзылғанына ренжиді, қауіпсіздік шараларына наразылық танытады, қарапайым нұсқаулықтарды орындамайды.
Дәл қазір арамызда хирург, уролог, ортопедтер жоқ. Бәріміз мына соғыста күш біріктірген бір командамыз.
Күнделікті 15-20 адам әкеліп жатыр. Талдау нәтижелері бірсарынды: расталды, расталды, расталды. Бәрінің симптомдары бірдей: денесі қалшылдайды, қызуы көтеріледі, жөтел қысады, тынысы тарылады, өкпесі ауырады. Рентген түсірілімдері де бірдей: екі жақты интерстициал пневмония. Барлығы да дереу госпитализациялануы керек.
Кейбірі интубацияда, біреулерді бірден реанимацияға апарамыз, ал енді біреулер үшін бәрі де тым кеш. Тыныс алдыратын аппараттар күндіз түні тоқтамай жұмыс істеуде. Тіпті операциялық залдардағы аппараттар да үздіксіз жұмыс істеуде. Себебі операциялық жайлардың өзі интенсив терапия палаталарына айналып кетті.
Қызметкерлер шаршап, қалжыраған. Біздің жұмыста әдеттегі аусымның өзінен әл-дәрменің құрып, сүйретіліп шығасың. Ал қазір бірнеше тәулікке созылған майданда жан-жағымдағы адамдар маған үмітпен қарап, көмек күтіп отырғанда ШАРШАУ дегенннің не екенін енді түсіндім.
Қызметкерлер өздерінен әл кетсе де, бір біріне көмек беруге тырысады. Дәрігерлер медқызметкерлер орнына каталкамен жүгіріп жүреді, медбикелердің орнына процедуралар жасайды. Медбикелердің көз жасы тыйылар емес. Олар дәрігерлердің мұнша көп адамды құтқара алмасын алғаш рет көріп тұр.
Бізде ауысым, кезекшілік деген жоқ. Бүкіл жеке өмір тоқтап қалған. Біз отбасымызды көрмейміз, себебі жұқтырып аламыз деп қорқамыз. Протоколдарға қарамастан, арамыздағы кей қызметкерлер вирусты жұқтырып алған. Қазір кей әріптестеріміз біреудің өмірін емес, өздерін құтқару немесе өздері вирус жұқтырған туған-туыстарын құтқару үшін күресіп жүр.
Сондықтан қазір індетке тым салғырт қарайтындарға немесе қауіпсіздік шараларына наразылық танытып отырғандарға айтқым келеді: сәл шыдамдылық танытыңыз - сіз театрға, музейге немесе спортзалға бара алмайсыз. Қоршаған адамдарға, әсіресе ауруға қарсы тұруға дәрменсіз егде адамдарға жанашырлықпен қарауыңызды өтінемін. Біз бар күшімізді салып қоғамға пайдамызды тигізуге тырысып жүрміз, сіз де сәл де болса пайдаңызды тигізсеңіз".
Қазақша аудармасын жасаған – Бэлла Орынбетова (жазбаның түпнұсқасы)
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |