« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қоғалыкөлде малы барлар биыл қыста тыным таппады. Қарлы маусымда кем дегенде 5-6 құлыны қасқырға жем болады. «Малым – жанымның садағасы» деп қол қусырып отырған жараспас. Биыл қақпаны барлардың қанжығасы да майланды. Соның бірі – Айдос Жақыпбеков.
– Жылқымызға жау тиді. Не істемек керек?! Осылай көршім Абай екеуміз атқа қондық. Бір қыста он қасқырды қолға түсірдік. Бір мәрте бөлтірік те ұстадық, – дейді Айдос Қонысбекұлы.
Жыртқыш аң әрі айлакерлігін істеп кейде қақпанды сырт айналып та кетеді. Ондайда Айдос та тәжірибесін танытып, жолын кеседі. Талай рет қасқыр көрдім дегендердің дәйегімен аңдыды. Кейде тіпті қона жатып қарайды. Тұтқиылдан төнген тікұшақтың өзін маңына жуытпайтын әккі аңды қолға түсірудің өзі оңай емес.
– Бала күнімде әкем айтқан бір оқиға қақпан құрған сайын ойыма оралады. Қақпанға арлан қасқыр түсіпті. Егесі құрған құралына бір аптадан кейін бір-ақ барса керек. Сөйтсе, арланға бір апта бойы басқа қасқырлар тамақ тасып тұрыпты. Міне, қасқырдың қулығы да, алғырлығы да жетіп артылады, – дейді А.Жақыпбеков.
Дәулет ҚЫРДАН,
«Сыр бойы».
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |