Жақсылығы ұшан-теңіз

Қазақ КСР Ішкі Істер Халық Комис­сариатының мәлі­метінше, 1937 жылы Қазақ­станға 90 эшелонмен 20 789 отбасы, корей ұлтының 98 454 өкілі көшіріліп әке­лінген екен. Соның бір үлкен бөлігі Сыр бойына қоныстандырылды.

Мен ол кезде 11-12 жастағы бала едім. Осы уақыттан бас­тап Сыр өңі­ріндегі корей хал­қының тарихы бас­талды. Ол кез­дегі саяси-әлеуметтік жағдайдың қазақ халқы үшін де оңай соқпағанын көрдім. Халықты құлазытып кеткен ашаршылық, «халық жауы» деген жалған айып­тар тағылып, саяси репрессиялардың жүргізілуі соның куәсі еді. Біз де қазақ халқының құрметіне сай болу үшін елге, жерге деген ықыласымызды білдіру мақсатымен білек сыбана еңбекке араластық.

Әсіресе, күріш өсіру ша­руа­­шылығында айтар­лықтай жетістікке қол жеткізілді. Осы еңбектерімізді елеген бас­шылық облыс бойынша корей ұлтының 28 азаматына «Еңбек Ері» атағын берді. Бұл жергілікті халықтың кең пейілінен деп білеміз.

Біз үшін ауызбіршілік, елдегі татулық өте қымбат. Осы байлықты бағалай берейік.

Ге Хак РИМ, 

«Қазақстан корейлер қауымдастығы» облыстық филиалы ақсақалдар кеңесінің төрағасы.

 

ҚОҒАМ 29 ақпан 2020 г. 769 0