Жастарды қолдау – болашақты ойлау

 Өткен «Жастар жылында» ауқым­ды істер атқарылды. Аймақ басшысы­ның есепті кездесуінде айтылғандай, Сырдарияның сол жағалауынан «Жас­тар орталы­ғының» ашылуы Сыр жас­тарына көп мүмкіндік алып келді. Орталық қызметін бір жыл ішінде 40 мыңға жуық жас пайдаланған. Жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі жылдан-жылға шешімін табуда. Жас кәсіпкерлер, оның ішінде жас отбасылардың бизнесін қолдауда аймақта көрсеткіш жоғары. Біз алдағы уақытта әр салада жүрген жас отбасыларды тұрғын үймен қамту мәселесіне орай облыс әкімдігіне бағдарлама ұсынатын боламыз.

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың жалғасы ретінде Волонтерлар жылын жариялап, бұған облыс жастарының көпшілігі қызығушылық танытуда. Республикада алғашқылардың бірі болып облыс орталығында Еріктілер штабы құрылды. Мұнда оқыту жұмыстары жүргізіліп, әртүрлі бағытта атқарылатын еріктілік жұмыстарына түсіндірме жүргізіледі. Ерікті жастардың бұл қызметі еңбек өтіліне жазылып, тәжірибе жинақтауға, өзін көрсете білуге де мол мүмкіндік болып саналады.



Бауыржан МӘСТЕКОВ,

облыстық жастар ресурстық орталығының директоры.

ҚОҒАМ 20 ақпан 2020 г. 828 0