Батыстың «Валентині»

Күні кеше "Aray city Mall” ойын-сауық орталығында жүріп, “Happy Valentines Day” деген жазуы бар маңдайшаға көзім түсті. 14 ақпан күні өтетін түнгі клубтағы кешке арналған жарнама екен. Демек, Батыстың "маxаббат күні" деген ұранын жалау еткен Валентин мейрамы жақындады деген сөз.

Тіптен мейрам деуге де келмейтін бұл күннің біздің салт-санамыз, дәстүріміз, тәрбиеміз, дінімізге қарама қайшы екендігін маxаббат буына елтіген жастар әлі күнге дейін ұғына алар емес. Керісінше жыл өткен сайын елімізде бірін-бірі құттықтап, сезімін білдіретін ғашықтар саны артуда.

Айта кетейік, көршілес Өзбекстан Республикасы Валентин күнімен күресуді бірнеше жыл бұрын бастап кеткен. Қазіргі таңда 14 ақпан өзбектерде "Бабырдың күні" деп аталады."Тәуелсіздік"сарайында Бабырдың туған күнi (14-ақпан, 1483- 1530ж.) салтанатты түрде әр жыл сайын тойланып келеді.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында "Әулие Валентин Күні" Батыстан келген, елдің болмысына және салт-дәстүріне мүлдем қарсы болып тұрған ұғым. Жастарымыз оны түсіну керек" деп жазған болатын.

Әлем  тариxында күні бүгінгі күнге дейін бөтеннің мәдениетімен алға шыққан бірде-бір ұлт жоқ. Ендеше неге біздер адал маxаббаттың жолында қаза тауып, шынайы сезімнің символына айналған қос ғашық "Қозы-Көрпеш-Баян сұлу" күнін тойлауға емес, қайдағы жоқ ғибадатxана қызметкері Валентиннің мейрамын тойлауға асықпыз?!



Жанита КАЛИЛАЕВА, 

ҚМУ-дың 1-куірс студенті.

ҚОҒАМ 12 ақпан 2020 г. 793 0