Тұлғалар тойы халыққа ортақ

 Үкімет жиы­нын­­да кө­терілген мә­­се­лелер мен жүк­тел­ген тапсыр­малар облыс активінің оты­­рысына арқау бол­ды.

Қоғамды тұ­тас­тай адам ағза­сына ба­ласақ, әр­­­­қай­сы­­сы­мыз ат­қарар мін­­­детімізді асқан жауап­­­кер­шілікпен, қажыр-қайра­­тымызды салып орын­­­­дасақ, біз алмайтын асу жоқ екені белгілі. Осы орайда әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жө­нінен алдыңғы орында тұрған, «Алаштың анасы» атанған Сыр өңірінің өсіп-өр­кендеуіне бәріміз түгел атсалысуымыз тиіс.

Үкімет жиынында осы жылдың еншісіндегі Әбу Насыр әл Фарабидің 1150 жыл­дығын, Абай Құнан­байұлының 175 жыл­дығын және Ал­тын Орданың 750 жылдығын ысы­рапшылдыққа жол бермей атап өту керектігі ескертілді. Осы орайда аймақ басшысы облыстағы шараларды ғылыми-ағартушылық ба­ғыт­­та, жоғары дең­гейде ұйым­дас­тыру қажеттігін жет­кізді. Өйткені, тұлғаларды ұлықтай отырып ха­лыққа пайдалы іс жасауға атсалысқанымыз орынды. Ал олардың өнегесін өскелең ұрпақ бойына сіңіру – баршамызға ортақ мұрат.


Сайлаубай ӘБІШЕВ,

Қызылорда қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

ҚОҒАМ 28 қаңтар 2020 г. 737 0