« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Облыс бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті үстіміздегі жылғы шілде айының үшінші онкүндігінде "АТФ Банк” Қызылорда филиалының касса меңгерушісі Қ.Омароваға қатысты аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Департамент баспасөз қызметінің хатшысы Аида Жаңабергенованың хабарлағанындай, Қ.Омарова биылғы қаңтар-маусым айлары аралығында филиал қоймасына кіруге рұқсаты бар тұлға бола тұра, 601,9 млн. теңге және 30 мың АҚШ доллары көлемінде банктің ақша қаражатын ұрлау дерегімен айыпталған.
Қызылорда қалалық соты 26 шілдеде Омарованы қамауға алуды санкциялады. Қазіргі таңда қылмыстық іс тергелуде. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.
КҮДІКТІ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫ
Өткен аптада Шиелі ауданында каналдан 23 жастағы бойжеткеннің мүрдесі табылды. Бұл өлімге қатысы бар деген күдікпен Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері ұсталды.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, құқық қорғаушыға қатысты кісі өлтіру фактісі мен қылмыстық іс қозғалып, сот қаулысымен қамауға алынған. Қылмыс тұрмыстық жағдайда орын алған.
Аталған қылмыстық іс облыстық прокуратураның арнайы прокурорлар басқармасымен тергелуде. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.
Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |