« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Жарты ғасыр бойы қазақ даласына ажал уын төккен Семей полигонының жабылғанына биыл 23 жыл толып отыр. Ядролық қарусыздандыру идеясымен әлем жұртшылығын ымыраға келтірген қазақ елінің көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен жалпы саны жарты мыңға жуық сынақ жасаған полигон 1991 жылдың 29 тамызы күні жабылды. Осы күн «Халықаралық ядролық сынаққа қарсы күрес күні» болып жарияланды.
Араны ажал шашқан Семей сынақ алаңының бар зардабын бастан кешкен қазақ халқы болатын. Қасиетті қазақ жерін 40 жыл бойы тажал қаруды сынайтын тамұққа айналдырған сынақ кезінде 456 ядролық жарылыс жасалды. Оның 120-дан астамы ашық аспан астында жарылды. Жарылыстардың жиынтық қуаты кезінде Хиросимаға тасталған бомбадан 2,5 мың есеге асып түсті. Қазақ даласының 300 мың шаршы шақырымы радиацияға уланып, одан 1,5 миллионнан астам адам зардап шекті.
Туған халқының тағдыры қыл үстінде тұрған алмағайып сәтте Елбасы айрықша көрегенділік таныта білді. Ядролық қарудан ерікті түрде бас тарту жөніндегі саяси шешім Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік және стратегиялық көрегендігінің, сондай-ақ саяси ерік-жігерінің айқын дәлелі бола алады.
Запыран зардабын татқан біледі. Әлемде бірінші ядролық мемлекет атануға жанталаса ұмтылған КСРО-ның жойқын жобасы – Семей полигонының азабы күллі қазақ даласына тарады. Осыдан да тәуелсіздігін алғаннан бергі 20 жылдан астам уақытта Қазақстан Республикасы мен оның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қарусыз әлем құру жолында тұрақты және сатылы түрде бір ғана саясатты ұстанып келе жатыр.
Қазақстан басшысының бүкіл әлем елдері Ядролық сынақтарға тыйым салудың жалпыға ортақ келісімін қабылдауы үшін жасап жатқан қажырлы еңбегінің тағы бірі осыдан 2 жыл бұрын Астанада өткен «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарусыз әлемге» атты халықаралық конференция.
Конференцияға әлемнің әр түкпірінен жиналған парламентарийлер, қарусыздандыру жөніндегі сарапшылар, сондай-ақ азаматтық қоғам өкілдері дүниежүзі елдерінің парламенттері мен үкіметтеріне үндеу жолдады.
Үкіметтер өз юрисдикциясының шегінде тұратын азаматтардың қауіпсіздігін қорғауға, сондай-ақ тиісті жергілікті қоғамдастықтарды және келешек ұрпақ үшін жалпы адамзат игілігін қорғауға жауапты екендігіне баса назар аударылды.
Осы конференциядан дәл бір апта өткенде БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде Бас ассамблеяның мәжілісі өтті. Мәжілісте БҰҰ-ның қарусыздану мәселелері бойынша сарапшылары Қазақстанның бұл бағыттағы көшбасшылық әркеті мен ғаламдық ықпалдастыққа қосқан үлесін жоғары бағалады.
БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун мәжiлiске қатысушыларды жаппай қырып-жою қаруын таратпау саласындағы саясатты қолдауды, халықаралық қауіпсіздікті нығайтып, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту, ғаламдық мәселелер мен қақтығыстарды реттеу, сонымен қатар, ядролық қаруды таратпау жөніндегі Қазақстанның бастамаларын үлгі-өнеге ретінде ұстануға шақырды. Ядролық қаруды таратпау бойынша басталған Астана эстафетасын сол күні Мәскеу қабылдады.
Осылайша әлем елдерін бейбіт елдің ізгілікке шақырған үндеуін баянды бастамаға айналдырды.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |