« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Біз облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының инвестициялық жобалар бөлімінің басшысы Әділхан Төлегеновке жолығып, серпінді жобаларды республикалық немесе өңірлік Индустрияландыру картасына енгізудің жолдарын айтып беруін өтінген едік.
– Әділхан Қалмағанбетұлы, жобаларды республикалық немесе өңірлік Индустрияландыру карталарына енгізген жағдайда олар қандай нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі?
– Жобаларды республикалық немесе өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу «Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу ережесі туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №675 қаулысымен реттеледі.
Сонымен қатар, осындай жобаларды аталған картаға қосу жұмысы мен облыс әкімінің 2012 жылғы 12 шілдедегі №290 өкімімен құрылған «Республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу үшін жобаларды қарау жөніндегі эксперттік комиссия» және облыс әкімінің 2009 жылғы 10 қыркүйектегі №352 өкімімен құрылған «Аймақтық үйлестіру кеңесі» айналысады.
Айта кетейік, «Қызылорда облысының Индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі индустрияландыру картасына енгізу бойынша жұмысшы орган болып табылады.
– Енді облыс кәсіпкерлері ұсынған жобаларды Индустрияландыру картасына калай енгізуге болатынын тарқатып айтсаңыз?
– Облыс көлемінде орналасқан кәсіпкерлік субъектілері (жеке және заңды тұлғалардың бәрі) өңдеуші өнеркәсіп саласы бойынша жүзеге асыруды жоспарлап отырған жобасын өңірлік немесе республикалық картаға енгізу және мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін жоғарыда аталып өтілген ережеге сәйкес жұмыс жасайды. Алдымен тиісті құжаттар жиынтығын жинап, осы құжаттарды (өтініш, бизнес-жоспар, жоба паспорты, жобаны іске асыру кестесі, жоба жөнінде ақпарат, жер учаскесі және қаржыландыру көздері туралы ақпарат) жергілікті жердегі уәкілетті органға, яғни қала немесе аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне тапсыруы қажет.
Аталған бөлімдер құжаттарды біздің облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасына тапсырғаннан кейін жобаға басқарма мамандары тарапынан сараптама жұмыстары жүргізіледі.
Біздің басқарма келіп түскен жобаларды жоғарыда аталған эксперттік комиссия отырысының қарауына ұсынады, корытындысымен эксперттік комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді. Сонан соң ғана басқарма оң сараптама қорытындысын алған жобаны аймақтық үйлестіру кеңесінің қарауына ұсынады.
Жоба кеңестің оң қорытындысын алғаннан кейін, ол хаттамамен рәсімделеді. Осы хаттамада жобаға қандай мемлекеттік қолдау шаралары қажет екені жазбаша түрде көрсетіледі.
Осыдан кейін жоба Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы Индустрияландыру картасының мәселелері жөніндегі штаб отырысында қаралады. Осылайша, соңғы шешім аталған министрлік тарапынан қабылданады.
– Аталған картаға аймағымыздан биыл қанша жоба ұсынылды және ол жобалар Индустрияландыру картасына енген жағдайда кәсіп иесіне қандай көмек түрлері көрсетіледі?
– Кәсіп иесіне мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек түрлері мыналар:
Біріншіден, кәсіпкерге ауадай қажет жер телімі сауда- саттықсыз ұсынылатын болады. Жоба индустриялық аймақта орналасқан жағдайда қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Бұған қоса, кең таралған пайдалы қазбаларға жер қойнауын пайдалану құқығы беріледі. Сонымен қатар, екінші денгейлі банктерден алынған несиенің пайыздық үстемесін мемлекет субсидиялап отырады және кедендік жеңілдіктер беріледі.
Бүгінгі таңда Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына сәйкес облыс аумағында 24 жоба Индустрияландыру картасына енгізілді. Нақты кезеңде аймағымызда 14 жоба жүзеге асты. Ал, 10 жоба жүзеге асырылу жолында.
Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап, Индустрияландыру картасына енгізу мақсатында 37 жоба тапсырылды. Қазіргі таңда 30 жоба мақұлданды, қалған 7 жоба толықтыру үшін кері қайтарылды.
Сөз соңында айта кетейін, Индустрияландыру картасына енгізу бойынша қажетті ақпаратты Қызылорда облысы әкімдігінің e-kyzylorda.gov.kz интернет-ресурсынан және облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасынан 60-54-09 телефон нөмірі арқылы алуға болады.
– Әңгімеңізге рахмет.
Сұхбаттасқан
Дәуіржан ЕЛУБАЕВ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |