Облыстық құран жарысы өтті

Қызылорда облысы бойынша әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде Бағдат Серікбайұлы мен Талант Серікбайұлын еске алуға арналған Құран жарысы өтті.

«Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы А.Жұбанов пен Әйелдер-қыздар секторының жетекшісі Л.Сыдықова жарысқа қатысушы шәкірттерге сәттілік тіледі. 59 шәкірт қатысқан Құран жарысы «Иншиқақ-Нас» сүрелері, «Дұха-Нас» сүрелері және «Иншиқақ-Нас» сүрелері аралығын мәнерлеп оқудан бақ сынасты.
Әділ-қазылар алқасының шешімімен «Бас жүлделі» орынға Баян Нұрмаханова («Ақмешіт-Сырдария» мешіті), I номинациядан Мейрамкүл Шамшаева (Қазалы ауданы), Салтанат Әби («Айтбай» мешіті), II номинациядан Жадыра Елубаева («Мүсірәлі ата» мешіті), Аружан Мәжит («Мүбарак» мешіті), III номинациядан Арайнұр Әйтеке (Арал ауданы), Айман Ысқақова (Байқоңыр ауданы) лайық деп танылды. Жүлделі орын иелері «Дипломмен» марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды. Құран жарысына белсене атсалысқан барлық шәкірттерге «Алғыс хат» беріліп, сыйлықтар үлестірілді. Жиналған жамағат Құран жарысына демеуші болған жандарға шексіз ризашылықтарын білдірді. 
























 
ҚОҒАМ 25 желтоксан 2019 г. 1 016 0