« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Жыл соңына дейін, яғни 31 желтоқсанға дейін меншігіңіздегі көлігіңіздің салығын төлеу керек. Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері қарызы бар болса, мәжбүрлеу шараларын қабылдауды күтпестен, оны өз еркімен төлеген жөн екенін еске салды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Колёсаға сілтеме жасап.
Автокөлік иелері мемлекет алдындағы қарыздарын www.kgd.gov.kz комитеттің интернет-ресурсынан және "Электрондық үкімет" порталынан білулеріне болады.
Егер көлікке 12 айдан кем уақыт иелік етсеңіз, онда қожайын үшін көлік сатып алынған күннен бастап айдың 1-інен есептеледі. Егер көлікті сатып жіберсеңіз (сыйлап немесе қарыз үшін берсеңіз) айдың 1-іне дейін не болмаса жыл соңына дейін есептеледі.
Мемлекеттік кірістер комитеті мәжбүрлеу шараларының қабылдануын күтпестен, салық қарызын өз еркімен төлеуге үндейді. Бұл жеке сот орындаушыларының қызметін төлеуде ақша үнемдеуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, 2019 жылдың соңына дейін борышкерлердің жеке тұлғаларға айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару үшін салықтық рақымшылық жасау бағдарламасының артықшылығын пайдалануға мүмкіндігі бар.
Бұл жағдайда сізге тек негізгі салық қарызын төлеу керек, бірақ бұл сот орындаушыларының келуін күтпей-ақ өз еркімен жасалуы керек.
Транспорттық көлікке салықты кімдер төлемейді?
Салық салынатын бір автокөлік үшін төменде көрсетілген адамдар салықтан босатылады:
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |