Дәстүрлі дінде экстремизм, терроризм деген ұғым жоқ - ғалым

Соңғы жылдары Исламды экстремизммен байланыстырған зұлым сөздер таралып кетті.

Әрі оны терроризмге және басқаларды өлтіруге шақыратын дін деп сипаттайды. Сонымен қатар мұсылмандар қан төгуге және басқалармен бейбітшіліксіз, сүйіспеншіліксіз өмір сүруге бұйыратын діннен үйренген дейді. Ол дұрыс емес. Кез - келген дін тек махаббатқа, бейбітшілікке басқалармен жақсы тұруға шақырады. Ал Ислам осы ұлы діндердің бірі, әрі ол ұстамдылықты, басқалармен жақсы тұрушы дін. Бейбітшілік, сүйіспеншілік діні, барлық монетеистік діндер сол сияқты. Құран кәрімде соны анықтайтын ондаған аяттар бар. Құран мұсылмандардан әділдікті, тіпті мұсылман еместерге зұлымдық жасамауды талап етеді.

Кейбіреулер Исламға экстремизм, терроризм діні деп жала жапқанда әлсіз дәлелдерге және Исламмен аз байланыс жасайтын тәжірибелерге сүйенеді. Әрі үкімді барлық мұсылмандарға жабады. Тіпті қатыгездікті, экстремизмді, терроризмді осы дінге тиесілі қылады. Бұл ғылыми іске қарама қайшы. Дұрыс ғылыми тәсіл дінмен аз қарым- қатынасы барлардың айтқанына көз жұмып, бізді діннің негізгі табиғатына қарауға шақырады. Бір адам экстремист болып, бірақ террорист болмауы мүмкін, ол өзінің пікірінде қатыгездік танытады, бірақ өзінен басқаларына қарсы дұшпандаспайды. Енді біреуі қатыгез болып, өзінің қатыгез пікірлерін таратуда күшті пайдаланады. Міне бұл жерде экстремизм терроризммен байланысады.

Ислам адамды құрметтеуде қандай дінді болса да, шектемейді. Олай болса, ол өз ұстанушыларының экстремизмге немесе терроризмге деген құлшынысын арттырып, оларды оған шақырады деген ой келе ме?

Ислам өзінің тарих өтпелінде адамдарға құрмет көрсетуге, олармен жақсы қарым-қатынас жасауға шақырады және мұсылмандарға егер олар біреуді дінге шақыруды қаласа, оның үгіті көркем болуын бұйырады.

Демек, экстремизм мен терроризмнің негізі дінге ешқандай қатысы жоқ. Бұл ақ пен қара. Сондықтан Исламды экстремизммен, терроризммен байланыстырудың қажеті жоқ. Бұл теріс пиғылды жат ағымдағылардың іс-әркеті екені айдан анық. Міне, осыны халық арасында кеңінен насихаттау қажет.


Мұхаммед Махфуз, теология ғылымдарының докторы.

ҚОҒАМ 15 қазан 2019 г. 1 200 0