« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Облысымыздың орман шаруашылығын дамытуға атсалысқан барлық еңбеккерлер Қызылорда облысында орман шаруашылығының құрылғанына 85 жыл толуын кеңінен атап өтіп, 20 қазан – Орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесін лайықты табыстармен қарсы алып отыр.
Орманшылар облыстың 6 млн гектардан астам мемлекеттік орман қорын қорғай отырып, оның көлемін ұлғайтумен, ағаш егумен, қала, аудандарда жасыл желек жасаумен, тұқымбақтар өсірумен белсенді айналысуда. Арал теңізінің тартылуы салдарынан жыл сайын 75 млн тоннаға дейін шаң мен улы тұзды жел көтеріп, оның тозаңы Еуропа мен Антарктидадан табылғаны белгілі. Соңғы 25 жылда Аралдың құрғаған табанына сексеуіл егіліп, өсіп шыққан орман аумағы 300 мың гектарға жетті. Осындай ауқымы зор жұмыстар атқарылған саладан зейнеткерлікке шыққан ардагерлер де айтулы мерекені бірге қарсы алып отыр.
Қызылорда облысының орман, аң және балық шаруашылығы саласы ардагерлерінің бастауыш ұйымы 2014 жылы құрылған. Негізінен ұйымда осы салада қызмет атқарып зейнеткерлікке шыққан ардагерлер есепте тұрады. Қазір 29 ардагер бар.
Соңғы 3 жылда бастауыш ұйымның материалдық базасы жақсара түсті. Арнайы 2 бөлме бөлініп, оның іші қажетті жиһаздармен, компьютермен, мұздатқышпен, теледидармен, шахмат-дойбымен, байланыс телефонымен және т.б. қамтамасыз етілді. Құрмет тақтасы жасалып, ардагерлердің суреттері ілінді.
Бастауыш ұйымда іс жүргізу жұмысы жолға қойылды. Ардагерлердің жеке парақтары, жиналыс және кеңес мәжілісінің хаттамалары толтырылады.
Ұйым жиналысының қаулысымен 5 адамнан тұратын кеңес құрылған. Кеңестің басты міндеті – бастауыш ұйымның жұмысына басшылық жасау. Кеңес құрамына С.Ешмаханов, Е.Жұмағанбетов, С.Зиядинов, Т.Әлиев, М.Ибраев кірген. Кеңес мүшелерінің өзара міндет бөлінісі жасалып, әрбір кеңес мүшесі сол бойынша өз міндеттерін атқарып келеді. Атап айтқанда, С.Ешмахановқа жалпы басшылық жасап, бастауыш ұйым жиналыстары мен кеңес мәжілістерін өткізу, Е.Жұмағанбетовке мәдени-көпшілік, спорт шараларын ұйымдастыру, С.Зиядиновке ардагерлерге жолдамалар алып беріп, олардың демалыс орындарына баруын қамтамасыз етуді ұйымдастыру, Т.Әлиевке ардагерлердің баспасөзге жазылуын қамтамасыз етіп, онымен байланысты ұйымдастыру, М.Ибраевқа бастауыш ұйымның іс жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру міндеттері жүктелген. Кеңес мүшелері аптаның жұмыс күндері ардагерлер бөлмесінде бекітілген кестеге сәйкес кезекшілік жасайды. Кезекшілік уақытында күнделікті келетін хат-хабарларды, келушілерді қабылдап, олардың өтініш-тілектерін, ұсыныс-пікірлерін тыңдап, тиісті жауаптарын береді.
Ұйым ардагерлерінің арасында жүргізілетін мәдени-көпшілік жұмыстарының іс-шара жоспары жасалып, оның орындалуы тұрақты бақылауға алынған. Биылдың өзінде іс-шара жоспарына сәйкес ардагерлердің Наурыз мерекесіне, көктемгі ағаш егу акциясына қатысуы, жыл сайын дәстүрге айналған Арыстан баб кесенесіне зиярат етуі, Өзбекстанға саяхат, Қамбашқа балықшылардың слетіне сапары ұйымдастырылды. Арыстан баб кесенесіне зиярат етіп қайту сапарын Жалағаш орман шаруашылығының бас орманшысы Ғани Жәнібеков өзінің тереңөзектік әріптесімен бірге ұйымдастырып, ардагерлердің ризашылығына бөленіп батасын алды. Сондай-ақ, өткен жылдан бастап қалалық ардагерлер кеңесі ардагерлердің «Сарыағаш» демалыс орнына арзандатылған жолдамамен демалуын жолға қойды.
Бастауыш ұйым ардагерлерді моральдық жағынан қолдап, марапаттап келеді. Өткен жылы ұйым ардагері А.Қосағалиевтың 80 жасқа толуына байланысты тартымды, жастарға тәрбиелік мәні бар ауқымды шара өткізді. Шахмат-дойбыдан спортық ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, соңғы 3 жылда облыстық басқармаларға, облыстық, қалалық ардагерлер кеңесіне ұсыныстар беріліп, бірқатар ардагерлер түрлі марапаттарға ие болды.
Бастауыш ұйым баспасөзбен тығыз байланыста жұмыс жүргізуде. Ардагерлер М.Исмаилов, Т.Әлиев, К.Жаймағамбетов, С.Ешмахановтың баспасөз беттерінде қазіргі таңдағы Арал теңізінің тағдыры, оның өзекті мәселелері жөніндегі, жалпы орман, балық шаруашылығы саласындағы проблемалық жағдайлар туралы бірнеше көлемді мақалалары жарияланды. Алайда, баспасөзде ардагерлердің қоғамға қажетті көтерген проблемалық ұсыныстарына құзырлы органдардан жауап берілмей, аяқсыз қалып отырғанын атап өткім келеді. Келешек олардың тарапынан дұрыс көзқарас қалыптасады деген сенімдемін.
Ардагерлерінің ұйымшылдығын, ауызбіршілігін жақсартудың формалары мен әдістерін дамыту өзінің жақсы нәтижелерін беруде. Ұйымдағы ақсақал ардагерлеріміз үнемі ақыл-кеңестерін, ұсыныстарын айтып отырады.
Бастауыш ұйым өз жұмысында Елбасының, Мемлекет басшысының саясатын негізге ала отырып, оны түсіндіру, насихаттау, соған байланысты туындайтын мәселелерді, жастарға тәрбие беру, бастауыш ұйымның ықпалдылығын, жұмысын жетілдіру, ардагерлердің белсенділігін арттыру мәселелеріне ерекше мән беріп, осы бағытта жұмыс жасап келеді. Бұл жұмысты басты бағытымыз деп есептейміз.
Бастауыш ұйымның өткен жылғы есеп беру-сайлау жиналысы жоғары бағаға ие болды. Соңғы кезде бастауыш ұйымның жұмысы жөнінде көпшіліктен оң пікір естіп жүрміз.
Біздің бастауыш ұйымы жұмысына қолдау көрсетіп, тұрақты қамқорлық жасап келе жатқан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына, оның аудандардағы бағынысты мекемелеріне, облыстық орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына, облыстық және қалалық ардагерлер кеңесіне, «Сыр бойы» газетінің редакциясына алғыс сезімімізді білдіреміз!
Мақаламның соңында облыстың орман шаруашылығы қызметкерлерін, ардагер әріптестерімді Қызылорда облысында орман шаруашылығының құрылғанына 85 жыл толу және 20 қазан – Орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтап, отбасыларына амандық, бақыт, береке-бірлік, қызметтеріне табыс тілеймін!
С.ЕШМАХАНОВ,
облыстық орман, аң және балық шаруашылығы саласы ардагерлерінің бастауыш ұйым кеңесінің төрағасы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |