Жүректерге жол тапқан Жолдау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2019 жылдың 2 қыркүйегі күні парламент палаталарының бірлескен отырысында «Сындарлы қоғамдық диалог Қазақстанның тұрақ-тылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын жариялады. Ел Президенті өзінің Жолдауында отыз жылға жуық уақыт ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың көреген көшбасшылығымен еліміз жеткен жарқын жетістіктерге тоқтала келе, әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналғанымызды тілге тиек етті.
Сондай-ақ Елбасымыз ұсынған Бес институционалды реформа мен «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарынтолыққанды жүзеге асыру қажеттілігіне баса назар аударды. Еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпайынша табысты экономикалық реформаларды іске асырумүмкін еместігін айта келе, ел Президенті халықтың әл-ауқатын жақсартуға қатысты әлеуметтік мәселелерге ерекше тоқталып өтті. Азаматтардың кез-келген сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруды тапсырды. Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару барлық мемлекеттік органдар қызметініңнегізгі басымдығы болуы тиіс екендігін еске салды. Адам құқықтары мен бостандықтары жайлы кеңінен айта келе, жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық секілді ауыр қылмыстарға, әсіресе, балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту бағытында шаралар қабылдауды Парламент пен Үкіметке тапсырды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Үкіметке азаматтық қорғаныс саласы қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуді және осы мақсатқа 40 миллиард теңгебөлуді тапсырды. Президент Қ.Тоқаев Жолдаудың «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» деп аталатын бөлімінде бюджет қаржысы экономиканы дамыту және әлеуметтік мәселелерді шешу секілді негізгі екі бағытқа негізделуі тиіс екендігін атап өтті. Аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау мәслелесін сөз ете келе, Үкіметкедарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ ұстаздар мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігіне баса назар аудара келе, алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысы екі есеге көбейетінін, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұстаздар жалақысы 25 пайызға өсетінін жеткізді.
Әлеуметтік салаларды түгел қамтыған Мемлекет басшысы медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігіне де назар аударды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілетіндігін айтып, мемлекеттегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін сақтайтындығын және осы мақсатқа алдағы үш жылда 2,8 триллион теңге бөлінетіндігін жеткізді.
Сондай-ақ мәдениет саласы қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелері де Жолдаудан тыс қалған жоқ. Үкіметке келесі жылдан бастап осы сала қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуді тапсырды және міндетті әлеуметтік жеңілдіктердің мәдениет саласы өкілдеріне де берілуі керек екендігін айтты. Қарап отырсақ, шындығында да осы уақытқа дейін мәдениет саласы қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайына соңғы 15-20 жылдың көлемінде мемлекет тарапынан лайықты деңгейде көңіл бөлінбей келді.
Сондықтан Мемлекет басшысының бұл ұсынысы да қоғам тарапынан қызу қолдау тапты. Президент мемлекет тарапынан беріліп келе жатқан әлеуметтік көмек бойынша жүйенің ашық әрі әділетті болуына баса назар аударуды тапсырды. Әсіресе, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларына қамқорлық көрсету керектігіне тоқталды. Яғни, мектеп жасына дейінгі балаларға үнемі қолдау көрсету, барлық оқушыға тегін ыстық тамақ беру, оларды оқу құралдарымен және мектеп формасымен қамтамасыз ету, медициналық, соның ішінде стоматологиялық көмек және қоғамдық көліктерде жүру шығындарын өтеу қажеттілігін айтты.
Онан кейін Президент, зейнетақы жүйесі бойынша шешімін табуы тиіс мәселелерге тоқтала келе, жұмыс істеп жүрген адамдар өзінің зейнетақы жинағын зейнетке шыққанға дейін баспана сатып алуға, болмаса білім алу мақсатына пайдалана алуы бойынша үкіметке жыл соңына дейін шаралар қабылдауды тапсырды.
Сондай-ақ, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтар үшінбаспана қолжетімділігін арттыру мәселесі қатаң бақылауда екендігін де жеткізді. Елбасы бастамасыменіске асып жатқан 2 пайыздық жеңілдетілген мөлшерлемемен, пайыздық алғашқы жарнасы 10 пайыз болатын жаңа «Бақытты Отбасы» бағдарламасы бойынша жұмыстарды жете қолға алуды тапсырды. «Жыл соңына дейін бұл бағдарлама бойынша шамамен 6 мың отбасыбаспанамен қамтамасыз етіледі. Бірінші кезекте, көпбалалы және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар қамтылатын болады»,- деді Қ.Тоқаев.
Сондай-ақ үкіметке шын мәнінде көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуді және кезекте тұрған аз қамтылған 30 мыңдай көп балалы отбасыларға баспана беру мәселесін үш жыл ішінде түбегейлі шешуді тапсырды. Міне, Ел Президенті Қ.К.Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында осындай әлеуметтік мәселелерге айрықша тоқталып, оларды шешу жолдарын көрсетіп берді және еліміздің әрбір тұрғыны оң өзгерісті сезінуі тиіс екендігіне баса назар аударуды тапсырды. Осылайша, жүректерге жол тапқан бұл Жолдау бәрімізді де қуантқаны сөзсіз және халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев ұсынған реформаларды іске асыру үшін алдымызға зор міндеттер жүктейді.
Халықтың тұрмысын көтеру мақсатында әлеуметтік көмекті күшейту бойынша көптеген шаралар қабылданып жатқаны да белгілі. Мәселен, тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардың әр баласына төленіп жатқан 21 мың теңге қаншама отбасының жағдайын жақсартуда. Екіншіден, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей ұсынысымен қиын жағдайда қалған жанұялардың несие бойынша қарыздарын жабу мәселесі де көптеген жанұяларды тығырықтан алып шықты. Олай болса, Жолдаудан туындайтын міндеттерді іске асыру мақсатында сенім биігінен көрініп, жұмыла жұмыс жасайық. Еліміз көркейе берсін.

Жанкелді Ысқақ
 Қызылорда облыстық маслихатындағы 
«Nur Otan» партиясы  депутаттық фракциясының мүшесі
ҚОҒАМ 04 қазан 2019 г. 968 0