« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«САРАТС» жобасының екінші кезеңінің қолға алынатынын естіп, біліп қуанып қалдық. Жалпы, бұл жобаның Қазалы ауданының тұрғындары үшін де маңызы зор дер едім. Жоба жүзеге асқан жағдайда, әсiресе, Сырдария өзенінің арғы бетінде тұратын елді мекен тұрғындарына, біздің Бірлік ауылдық округінің халқына пайдасы үлкен болғалы тұр. Ең бастысы Бірлік ауылы тұсында дария үстінен авткөлікке арналған көпір салу қаралған.
Бүгінге дейін біздің ауылдың тұрғындары аудан орталығы – Әйтеке би кентіне дария үстінде орнатылған қалқымалы көпір (халық Қарлан көпірі деп атайды) арқылы қатынап келеді. Ерте көктемде өзендегі мұз еріп, сең жүрген кездері жол жүруіміз тіпті қиындайды. Аудан орталығына бару үшін 100 шақырымнан астам айналма жол жүріп, әбден әбігерге түсеміз. Әсіресе, үлкен кісілер сырқаттанып, ауылдың келіндері босанған тұста тіпті қиын еді. Сондықтан, дариядан автокөлік көпірі түседі деген жаңалық бізді ерекше қуанышқа бөлеп отыр. Шыны керек, халық көптен бері тоқтап қалған жобаға тиісті қаражаттың бөлінуін көп күтті.
Бұл үшiн Елбасымызға, аймақ басшысына ауыл халқы атынан алғысымды айтамын.
Есенкелді Мәли,
Бірлік ауылының тұрғыны.
Қазалы ауданы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |