Денсаулық фестивалі өтті

Жосалы кентіндегі орталық алаңында дәстүрлі денсаулық фестивалі өтті.
Шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев тұрғындарды спортпен шұғылдануға, денсаулығына сергек қарауға шақырып, ауданымызда денсаулықты сақтау саласында атқарылып отырған жұмыстарға тоқталды.
Шараның негізгі мақсаты — тұрғындардың назарын белсенді өмір сүруге аударып, денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауды насихаттау болып табылады.
Халықты салауатты өмір салтын сақтауға шақырған шара «Саламатты сандарға қол жеткіз!» ұранымен бастау алып, жиналғандар жаппай таңғы жаттығу жасады.
Аудан тұрғындары білікті дәрігерлер қабылдауында болып, медициналық тексеруден өтуге мүмкіндік алды.
Сонымен бірге аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі спорттың бірнеше түрінен сайыстар ұйымдастырды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
ҚОҒАМ 16 қыркүйек 2019 г. 788 0