Дәрігерлер ғажайыпқа теңеді: Қазақстандық ДЦП-мен ауыратын жұптың баласы сау болып дүниеге келген

ДЦП-мен ауыратын жұптың баласы сау болып дүниеге келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ДЦП-мен ауыратын жұптың баласы сау болып дүниеге келгенАлматылық ерлі-зайыпты Валентина мен Сайфутдин дені сау ұл баланы өмірге алып келді. Бұл Қазақстандағы болған алғашқы оқиға.
Ерлі-зайыптылар некелерін ресми түрде 2019 жылдың 2 мамырында тіркеген. Қазір олар бір шаңырақта ұлдарына тәрбие беріп отыр. Бала ағымдағы жылдың 22 маусымында дүниеге келген. Оған Рамиль деген ат қойған. Кішкентай нәрестенің денсаулығы жақсы, өміріне ешқандай қауіп жоқ.
"Олар интернатта танысты. Артынша біздің Амал-Иман балалар қорымен және мүгедектігі бар жастармен жұмыс істеуді қолға алған. Сайфутдин Савурхаджаев 33 жаста, церебральды сал ауруы диагнозы қойылған, 1-топтағы мүгедек. Осында шығармашылықпен айналысады және әлеуметтік қызметкер. Ол аяғымен ерекше бұйымдар жасайды, шарфтар тоқып, суреттер салады, адамдарға мүгедектер арбасында жүруге көмектеседі. Жақында ол ата-анасынан айрылды. 32 жастағы Валентина Дьячковаға церебральды сал ауруы диагнозын қойған. 2-топ мүгедек көп балалы отбасынан шыққан. Оның анасы бар. 2019 жылдың 2 мамырында олар ресми түрде отбасы болған. Қазір Валентина күйеуінің тегін алған", - дейді "Амал-Иман" ҚҚ директоры Ризвана Науметова.
Дәрігерлер тарапынан қанша қарсылық болса да, Валентина берілмей, баласының дүниеге келуі үшін барлық мүмкіндікті жасаған. Жүктілік кезінде қиынықтар болса да төтеп беріп, нәресте 8 айлық болып дүниеге келді.
"Дәрігерлер оған көтере алмайтынын, бала тудыру қиын болатынын түсіндірген. Алада, келіншек ешкімді тыңдамай, экоорталықтың көмегіне жүгінді. Әрине, жүктілік кезінде қиыншылықтар болды. Алайда ол дес берген жоқ. Осылайша ұлдары перинатология және балалар жүрек хирургиясы орталығында дүниеге келді", - деді Ризвана Науметова.
Қазір Валентинаның ата-анасы мерзімінен бұрын туған нәрестені бағуға көмектесіп жүр. Алайда, болашақта ерлі-зайыптылар балаларын өздері жетілдірмек ниетті. Олар жалақылары мен мемлекет тарапынан алатын көмекті перзенттеріне жұмсамақ.
"Церебральды сал ауруы және эпилепсиямен ауыратын әйел адамның сау нәрестені дүниеге әкелуі Қазақстанда алғашқы рет болып отыр. Көпшілік мұны ғажайыпқа балаған. Қанша қиын болса да мамандар жұмыс жасай отырып, осындай нәтижеге жетті. Нәрестенің салмағы - 2,515кг, бойы - 44см", - дейді Ризвана Науметова.
ҚОҒАМ 31 шілде 2019 г. 1 453 0