«Өрлеу» өрге қадам бастайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әл-ауқатын жақсартуға арналған бағдарламасында «Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» қағидаларын алға тарта отырып, әрқайсысына жеке дара тоқталып өтті. Соның ішінде «Өрлеу» қағидасы аясында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы әлеуметтік аз қамтылған санаттағы 100 мың адамды өз ісін ашуға жол сілтейтін кәсіпкерлік негіздерін оқытады» деген болатын.

Осы орайда, Кәсіпкерлер палатасы 2017 жылдан бері «Бастау» жобасын сәтті жүзеге асырып келеді. Алғашқы жылы пилоттық режимде облыстың 5 ауданында өткен болса, палатаның ұсынысы негізінде одан кейінгі жылдары барлық аудан мен Қызылорда қаласы толық қамтылды. «Бастаудың» ерекшелігі жұмыссыз және  өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар бағдарламаға қатыса алады. Бір ай көлемінде өтетін оқу тегін әрі қатысушыларға шәкіртақы қарастырылған. 2017-2018 жылдары аймақта аталған жоба аясында 2537 азамат оқып, оның 938-і өз ісін ашты. Биылғы 6 айда тағы да 800 азаматты оқыттық. Олардың арасынан да осы күні 113-і кәсібін бастап кетті.

Жақын күндері жастарға арналған «Жас кәсіпкер» жобасын бастауды жоспарлаудамыз.

Ғалымбек ЖАҚСЫЛЫҚОВ,

кәсіпкерлер палатасының директоры.

ҚОҒАМ 15 шілде 2019 г. 711 0