Шеберлік сағаты өтті

Облыстың су айдындарында азаматтардың түрлі себептермен қайғылы жағдайларға ұшырауы өзекті мәселе болып отыр. Биылғы 2019 жылдың басынан облыс аумағындағы су айдындарында 17 адам қаза болды (оның 5-еуі бала).

    Облыс бойынша қоғамдық ерікті құтқарушыларды Жедел құтқару жасағы оқытуда. Ағымдағы жылы 16 ерікті құтқарушы оқыту курсынан өтіп, жағажайда қызмет көрсетуде. Суға шомылу маусымы кезеңінде облыс көлемінде 214 бала суда жүзуге үйретілді.  

   «Арай» жағажайында демалушыларға суда құтқару шеберлік сағаты өткізілді. Шеберлік сағаты барысында суға батқан адамға алғашқы көмек көрсету және судағы қауіпсіздік ережесін сақтау туралы айтылды. Жағажай демалушыларына судағы қауіпсіздік туралы жадынамалар таратылды.

    Іс-шараға «ӨСжАҚЖҚ» Жедел құтқару жасағы құтқарушылары мен «Апаттар медицинасы орталығы» Қызылорда облысы бойынша филиалының бригадасы, «Арай» жағажайының ерікті құтқарушылары атсалысты.

         

Қызылорда облысы ТЖД

 

ҚОҒАМ 12 шілде 2019 г. 1 630 0