« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» «Өз үйім» бағдарламасы бойынша енді конкурссыз пәтер алуға болады. Елорда күні мерекесінде сырбойылықтарға осындай жағымды жаңалықты жеткізген банктің жергілікті филиалы тұрғындар мен БАҚ өкілдері үшін арнайы пресс-тур ұйымдастырды.
«Болашақ пәтерің сені кездесуге шақырады!» деген жарнаманы естіген жұртшылық көрсетілген мекен-жайға кешікпей-ақ жиналды. Қаладағы З.Шүкіров көшесі бойында салынып жатқан төрт бірдей бес қабатты үйдің біреуі пайдалануға дайын. Қалғаны күзде аяқталады. Банк басшылығы мен құрылыс салушы «Дәнекер» құрылыс компаниясы» ЖШС жиналған көпшілікке баспана алудың жолы мен үй сапасы жайында мәлімет беріп, мұнан соң үйді аралап көрсетті.
– «Өз үйім» бағдарламасының шарты бойынша алғашқы жарна – пәтер құнының 50 проценті. Әрі қарай несие 7 процентпен беріледі. Бағдарламамен үй алғандар алғашқы үш жылды – 7, қалған 6 жылды 5 процентпен төлейді. Яғни, ай сайынғы төленетін несие сомасы үш жылдан кейін төмендейді. Пәтер бағасын айтар болсақ, тұрғын үйдің шаршы метрі 160 мың теңгеден. Екі бөлмелі пәтер 54,92 шаршы метр, бағасы – 8787 200 теңге. Енді пәтер алу жолдарына тоқталсақ, ең алдымен пәтер алушы тұрғын үйді аралап көріп, өзіне ұнаған пәтерін құрылыс бригадирінің журналына тіркетіп кетеді. Мұнан соң құрылыс компаниясы банкке ресми хат жібереді. Банк тиісті құжаттарды қабылдап, несие мақұлданғаннан кейін қаржыны құрылыс компаниясына аударамыз, – дейді банктің жергілікті филиал директорының орынбасары Ілияс Жұрынов.
Ал, бес қабатты жаңа үйдің ерекшелігі мен сапасы жайында құрылыс иесі «Дәнекер» құрылыс компаниясы» ЖШС директоры Әбдімәжит Жансақалов айтты.
– Құрылыста барлық стандарттар сақталды. Бұл үйдің ерекшелігі: қаңқасы монолитпен тұрғызылып, қабырғасы газоблокпен өрілген. Жылу тепе-теңдігін сақтау үшін жаңа технологиялар қолданылып, үй сырты металлсайдингпен қапталды. Бұл үйде 3 бөлмелі пәтердің өзі екі түрлі. Бірі – 80 шаршы метр, екіншісі 85 шаршы метр. Екі бөлмелі пәтер – 55 шаршы метр. Барлығының едені ламинат, қабырғасы левкас, керме төбе тартылған. Лоджиясы түгел қапталған. Уақыт талабына сай асүй мен қонақ бөлме студия етіп бірге жасалған. Бұл жоба тұрғындар көңілінен шығады деп ойлаймын. Сондай-ақ барлық инфрақұрылым орталықтандырылған,– деді Ә.Жансақалов.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |