Су – тіршілік нәрі

9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлерінің күні
Ежелгі дәуірлерден бері Сыр елінің негізгі тіршілік көзі Сырдарияның суы екені белгілі. Жүздеген жылдар бойы диқан қауымы дариядан тартқан тіршілік нәрімен егінін егіп, тіршілігін жасап келеді. Ал арнайы су шаруашылықтарының құрылып, жұмыс істей бастағанына да ғасыр толып отыр екен. Биылдан бастап Үкімет қаулысымен 9 шілде  «Су шаруашылығы қызметкерлерінің мерекесі» болып бекітілді. Сала қызметкерлерінің мерекесі алғашқы рет аталып отырған тұста облыстағы су шаруашылығының даму тарихына қысқаша тоқталып өткенді жөн көрдік.
Кеңес үкіметі орнасымен 1920 жы­лы Перовск уездік су округі,1923 жы­лы Ақмешіт су округі, 1924 жылы Қызылорда және Қазалы су округтары болып Түркістан Орта Азия фе­де­ративтік  республикасының Сырда­рия облыстық су шаруашылық бөліміне бағынды. Оның құрамына: Әулие ата, Ақмешіт, Қазалы, Ташкент, Түр­кістан округтері кірді. Облыстық су шаруашылық бөліміне С.Курбатов, Ақ­мешіт су округіне Б.Максимов бас­шылық етті.
Ақмешіт су округіне төрт гидроучасток қарады. 1-ші учаскеге – Телікөл, Сорқұдық, Жөлек, Шиелі, Сұлутөбе, Қоғалы, 2-ші учаскеге –Ақарық, Кең­түп, Сабалақ, Айнакөл, 3-ші учаскеге – Шаған, Қараөзек, Терең­өзек, Жалағаш, Байзақ, 4-ші учаскеге Көткеншек, Аламесек, Қышбөгет, Қос­там, Қаракөл, Қуаңдария кірді.  
Облыста барлық суармалы егін­шілікке байланысты мәселе­лер об­лыстық суды пайдаланушылар съезінде қаралды. 1923 жылы облыстық жер комиссариаты округ гидротехниктерінің, Арық ақсақалдарының құқықтары мен міндеттерін – егіске су бөлу, тиімді пайдалану, су апаты мен су­дың тапшылығынан сақтандыру ша­ра­ларының іске асуына бақылау тәр­тібін бекітті. Ақмешіт су округі бо­йынша 1924-1925 жылдары егіс­тік көлемін кеңейтіп, суландыру жүйе­лерін тәртіпке келтіруге байланыс­ты барлық су жолдарына бірінші рет күрделі инженерлік жобалау-зерт­теу жұмыстары жүргізілді. Су округ­тері 1931 жылға дейін облыс­та су шаруашылығының қалыптасып дамуына қызмет етті. 1931 жылы су ок­ругтері тарап, оның орнына Төменгі Сырдария су жүйелері басқармасы ашылған. Басқармаға Қызылорда, Те­реңөзек, Қазалы, Аламесек, Қармақ­шы, Арал аудандары қарап, оған Тасыбеков басшылық етті.  
Алғашқы рет егістік жерді ша­ғын көлемде тегістеу жұмысы 1954 жылы «Суландырудың жаңа әді­сіне көшу» деген атпен басталды. Осыған байланысты барлық жерде ММО  (машинно-мелиоративный от­ряд) құрылып, 1957 жылға дейін мың­да­ған гектар жер тегістеліп, гид­ро­техникалық құрылыстар салын­ды. Қызылорда плотинасының құ­ры­лысы 1956 жылы бітіп, 1959 жы­лы облыстық су шаруашылығы басқар­масына пайдалануға берілді. Плотина аяқталғаннан кейін Шіркейлі арнасына түзету, кеңейту жұмыстары жүр­гізіліп, 1962 жылы Қызылорда Сол жаға каналының бірінші кезегі – су өткізгіштігі секундына 140 текше метрге жеткізілді. Сырдария өзенінің бойындағы екінші ірі құрылыс – Қазалы су торабы 1963 жылы басталып, 1970 жылы пайдалануға берілді.
1960 жылдардан бастап су шаруа­шылығының өрлеу кезеңі басталды. Ірі гидротехникалық құрылыстар, суар­малы егіншілік жерлерін инженерлік жүйеге келтіру жұмыстарын іске асыру барысында 1964 жылы «Риссовхозстрой» тресі ашылды. Қызылорда облыстық мелиорация және су ша­руашылығы басқармасы жанынан уақыт талабына сай 1974 жылы «Қы­зыл­­ордаремводстрой» тресі ашылып, барлық аудандарды (ПМК) жыл­жымалы механикаландырылған ко­лон­налар, автобаза, өндірістік техни­ка­лық жабдықтау басқармасы (УПТК) осы трест қарамағында болды.
Су шаруашылығының құрылыс­тары бүкіл одақтың екпінді құрылыс объектісіне айналды. Жаңақорғанның Түгіскен, Шиелі, Қызылорданың, Сол жаға, Оң жаға және Қазалының егістік алқаптарын игеру, суландыру жүйелері мен қашыртқыларын ин­же­нерлік жүйеге келтіру ісі қолға алынды. Суландыру жүйелерін тәр­тіп­ке келтіру мақсатында бірінші рет Тереңөзек ауданында 1962 жылы 1000 гектар жер инженерлік жүйеге келтірілді.
1963 жылдардан бастап облыс бойынша жерді инженерлік жүйеге келтіру жұмыстары басталып, 1963-1978 жылдарда Қызылорда Сол жаға массиві 90 мың гектар, Оң жаға мас­сивінен 7600 гектар жер инже­нерлік жүйеге келтірілді. Сонымен қатар Жа­ңақорғанда Түгіскен массивін игеру 1967 жылы басталып, 1978 жылдарға дейін 25687 гектар жер дайындалды.
1977 жылы Жаңақорған-Шиелі мас­сиві бойынша 31498 гектар,  Қа­залы массиві бойынша 18681 гектар жер инженерлік жүйеге келтірілді. Осы күрделі жұмыстарды тәжірибелі, білікті инженер-гидротехниктер бас­қарды. Жоғарыда атқарылған жұмыс­тар нәтижесінде 1986 жылы облыстың жер көлемі 254 мың гектарға жетіп, оның ішінде инженерлік жүйеге кел­тірілген аумақ 173 мың гектарды құрады.
1974-1978 жылдары  Сырдария өзенінің суы азайып, бұрын-соңды бол­маған қуаңшылық орын алды. 1975 жылы қиындықтан шығу мақсатында барлық жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыру іс-шаралары жасалып, Үкіметтен қосымша қаржы қаралып, облысқа насос қондырғылары әкелінді, қашыртқы сулары екінші рет егістікке пайдаланылды. Осы ел тағдырын ше­шетін күрделі жұмыстардың басында су мен жердің, табиғат пен суар­малы егіншіліктің тілін білетін, қабілетті инженер-гидротехниктер – М.Ықсанов, Ш.Бәкіров, Ә.Тыныбаев, С.Сәрсенбаев, Б.Сәрсенов, Э.Гукасов, В.Гончаров, С.Арыстанбаев, В.Рябов, А.Дүйсеков, Е.Тыныштықбаев, Е.Құ­тыбаев, Е.Бозғұлов, Ә.Мақұлбеков, Ә.Жаппарханов сынды су шаруа­шы­лығының білікті мамандары жемісті еңбек етті.
Өңірдің шөлейтті және шөлді ай­мақта орналасуына байланысты, об­­лыстың егіншілік саласы не­гі­зі­нен суармалы жүйеге бейім­делген. Сон­дықтан, суармалы жерді тиімді пай­далану облыстағы ең маңыз­ды мәселелердін бірі. Осының нәтиже­сінде 1980-1990 жылдары күріш 100-120 мың гектар көлемінде өсіріліп, орташа өнімі гектарына 49-52 центнер деңгейіне жетті.
1992 жылға дейін күріштікті, тағы да басқа дақылдарды су алуға да­йындау, оның ішінде канал тазалау, гид­ротехникалық құрылыстарды жөн­­деу, жер тегістеу жұмыстары, яғ­ни кү­ріш егістігі жүйесіндегі жерді күрделі тегістеу және ішкі су жүйе­лерін жөндеу сияқты мелиора­тивтік жұмыстар жыл­ма-жыл республикалық бюджет қар­жысының есебінен жүр­гізіліп отырды.
Облыстық мелиорация және су шаруашылығы басқармасы, облыстық су ресурстары жөніндегі комитет төрағасы қызметін 1973-1992 жылдар аралығында Сабыр Арыстан­баев  басқарды. Осы кезеңде бас инженер, төраға орынбасары қызметтерін С.Досболов, Ж.Байділдаев, Ә.Құт­жанов, С.Жаппарханов, С.Сағымбаев секілді азаматтар атқарды.
1992-1999 жылдар аралығында об­лыстық су шаруашылығына қарас­ты 8 аудандық су шаруашы­лы­ғы басқармасы, «Қызылордарем­вод­строй» тресі, 7 аудандағы жылжыма­лы мехколонна (ПМК), автобаза, ау­дан­дардағы автоколонна, УПТК қарады. 1995-1999 жылдары қайта құру кезеңінде аталған мекемелер та­ратылып, қарауындағы техникалар, мүліктер, т.б. заттар жұмысшы-қызметкерлерге айлық есе­бінен және аукционға қойып сатылды. Аудандық су жүйесі басқармалары 1992 жылдан бастап егістікке су жеткізіп беру қызметін атқарды. 1994-2002 жылдар аралығында облыс бойынша 125-140 мың гектар жерге егін орналастырылып, ауыл шаруашылығы құрылымдарына жыл сайын 2500-2600 млн текше метр су жеткізіліп берілді.
Сол кезде облысымызда 265,4 мың гектар суармалы жердің 172,5 мың гектары инженерлік жүйеге келтірілді және олар 5 суармалы алқапта орналас­ты. Суармалы жерде 2300 шақырым магистральдық каналдар, 900 шақырым шаруашылық қашыртқылар, олардың бойында 544 гидротехникалық құры­лыстар, «Бесарық», «Жиделі» су қой­малары орналасты.  Ішкі шаруа­шы­лықтарда 11900 шақырым су жүйелері, 10200 шақырым қашыртқылар, олар­дың бойында 24000 шақырым гидро­техникалық құрылыстар болды. Об­лыстағы суармалы жердің 50 мың гектардан астамы түрлі себептермен айналымнан шығып қалды.
Облыста ҚР мен Халықаралық қайта құру және Даму Банкімен бір­лескен «Ир­ригациялық және дре­наждық жүйе­лерді жетілдіру» жо­ба­сының 1-ке­зеңі аясында 1998-2000 жылдары ішкі шаруашылық объек­тілерінде жалпы құны 305 млн теңгеге күрделі тегістеу және қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Өзен бойындағы бөгеттерді қал­пы­на келтіру, оны нығайту жұмыстарына техника жұмылдырылып, жұмыс ұйым­­­дастырылып елді қауіп-қатерден аман алып қалу шаралары жүзеге асырылды. Алайда, қыс айларында елді мекендерді су тасқынынан қорғау мақсатында Сырдария өзенінен саға алатын барлық каналдар жыл сайын ашылып, ескі арналардың бұрынғы іздерін тазарту жұмыстары жүргізілді. Қыс айында егістікке су беретін каналдар ішінде мұз қатып, көктемде еріген кезінде еңістері (откос) құлап, мүжіліп, гидротехникалық құрылыстардың шет­­теріне мұз соғып майыстыратын, металл конструкциялары жарамсыз күйге жетіп қайта жөнделетін, көптеген гидротехникалық құрылыстар апаттық деңгейге дейін жетті.
Су шаруашылығының 1995-2000 жылдары өте ауыр жағдайына байланысты облыс әкімі Б.Сапарбаев 1999 жылы Үкіметке, Ауыл шаруа­шы­лығы министрлігіне, Су ресурс­тары комитетіне ұсыныс жасады.  Осыған орай ҚР Үкіметі 1999 жы­лы Республикалық мемлекеттік «Қы­зыл­орда­сушаруашылығы» кә­сіп­орнын об­­­лыстық коммуналдық мем­лекеттік кә­­сіпорын етіп құру жө­нінде қаулы қа­былданды. 2000 жылы облыс әкі­мінің шешімімен «Қызылорда­су­ша­­­руашылығы» коммуналдық мем­ле­­кеттік кәсіпорны құрылды. Ең бас­ты мәселе 1995-2000 жылдар ара­лы­ғындағы қайта құру кезеңіндегі ауыр жағдайдағы қиыншылықтарды жеңе отырып, облыстық су шаруа­шы­лығы мекемесін мемлекеттік мен­шік иелігінде сақтап қалуы болды. ҚОКМК құрылымына 8 аудандық еншілес кә­сіпорындары, Қызылорда, Қазалы су тораптары және Жаңадария каналдар жүйесі енді.
Облыстық  су ресурстары жөнін­де­гі комитет төрағасы және облыс­тық ком­муналдық мемлекеттік «Қызыл­орда­сушаруашылығы» кәсіпорнын Әб­діманап Құтжанов  басқарған аралық­та бас инженер, төрағаның бірінші орынбасары қызметін Ә.Әбдіуайтов, Ж.Байділдаев, Ж.Бегеш, М.Ахметов, Ә.Қарлыханов, С.Исабеков, Е.Өте­ге­нов атқарды.
2003 жылы облыстық су шаруа­шылығы мекемесі директоры қыз­метіне Сұлтанбек Тәуіпбаев  келіп, ол жұмысшы-қызметкерлердің жалақы­сын, компьютерлендіру, жобалау-із­дестіру тобы жұмысын жақсарту, су жеткізіп беру қызметіне субсидия­ны реттеу, су жеткізу тарифін әрбір аудан бойынша емес облыста бір тариф ету мәселелерін шешумен айналысты. Облыстық кәсіпорынға жа­ңадан кеңсе салынып, 2005 жылы пай­далануға берілді. Облыстық та­би­ғи ресурстар және табиғат пайда­лануды реттеу басқармасы 2003-2010 жылдар аралығында «Қызылорда­су­шаруашылығы» мемлекеттік комму­налдық кәсіпорнының бағдарлама әкімшілігі болып қызмет жасады.
Мемлекеттік қолдау арқасында су шаруашылығы саласының, олардың қаржы-экономикалық жағдайының тұ­рақталуы байқалды. Сырдария өзе­ні бойындағы ірі су шаруашылығы са­ласындағы нысандарға жөндеу, та­залау жұмыстары жүріп және жа­ңа нысандар салына бастады. Бұл жұмыстар «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Аралды сақтап қалу (бұдан әрі қарай САРАТС) бағдарламасы аясында жүргізілді. САРАТС жобасының І-кезеңінде «Әйтек» су торабы жүйесінің кешенін салу және жақсарту, облыста ұзындығы 49,9 шақырым қорғаныс бөгеттерін тұрғызу, Қызылорда және Қазалы су тораптарын жаңғырту, Солтүстік Арал теңізіне «Көкарал» бөгетін салу жұ­мыстары атқарылып, «Шардара» су қоймасы жөнделді.
ҚР Су кодексін жүзеге асыру мақ­сатында Арал-Сырдария бассей­ніндегі Бассейндік кеңес құру келісімі қа­былданып, оған қатысты жұмыстар ат­қарылуда. 2005 жылы облыс әкім­дігінің «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» қаулы қабылданды. Республикалық бюджеттен 2005 жылы бөлінген 410 млн теңге қаржыға «Қараөзек» су тоспасының  құрылысы басталып, 2006  жылы аяқ­талды. 2004-2005 жылдары күз-қыс айларында орын алған су тасқыны кезінде облыстық және оның еншілес кәсіпорындарының тарапынан Сырдария өзені бойындағы қорғаныс бө­­геттеріне тәулік бойы бақылау ұйым­дастыру, қауіпті учаскелерді анық­тап хабарлау, каналдармен тас­қын суларды қабылдап, қауіпсіз жерлерге бұру жұмыстары жүргізілсе де, қосымша жұмсалған көлік, байланыс және еңбек шығындары өтелмеді. Су шаруашылығында 2000 жылға де­йін қордаланып қалған қаржылық мә­се­лелер еншілес кәсіпорындардың жұ­­­мыс істеуіне кедергі болды. Оның үс­тіне су жеткізіп беру қыз­меті та­рифінің төмендігі мен су тұты­ну­шы­лардың төлем қабілетінің жоқты­ғынан кәсіпорындардың шығындары жабылмады.
2008 жылдың шілде айында Пре­мьер-министрдің бірінші орынбасары Ө.Шөкеев облысымызға іссапармен келіп, облыс әкімі Б.Қуандықовпен бір­ге су шаруашылығы нысандарын ара­лады. Іссапар қорытындысымен Оң­түстік, Солтүстік аудан аралық қа­шырт­қыларды коммуналдық мен­шік­­тен республикалық меншікке алу­­ды, су тасқынына байланысты ат­­­қа­рыл­ған және қосымша атқары­латын жұмыстарды орындауға Үкі­мет қорынан 970 млн теңге қаржы қа­рас­тыру мәселесі протоколға енгі­зіл­ген болатын.
Осы жылдың шілде айында об­лыстық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директоры қызметіне Болат Арыстанбаев тағайындалды. Берілген тапсырмаға сай Оңтүстік, Солтүстік қашыртқылар республикалық мен­шік­ке алынып, аудан, қала тұста­рындағы қорғаныс дамбылары салынды, гидротехникалық құрылыстар жөнделді. Сонымен қатар Қараөзек, Нәнсай, Көксу, Жаңадария, Қуаңдария, Ақсай арналары бойындағы нысандар жөнделді. Жаңадан су өткізетін түрлі құрылыстар салынды.
Су жеткізіп беру тарифіндегі және экологиялық суды реттеуде қаралған гидротехникалық құрылыстарды ағым­дағы және күрделі жөндеу жұ­мыстарын өз күшімізбен орындау мақ­сатында 2010 жылы жаңадан «Ремводпроект» мекемесі құрылды.
2010 жылға дейін пайдаланылып келген 225,94 мың гектар егістік жер­дің 24% жақсы, 43,5% орташа, ал 32,5% жерасты суларының жо­ғарылап, тұздануына байланысты қана­ғаттанғысыз жағдайда болса, об­лыстағы күріш егісінің 70%-ке жуы­ғы тұзданды. Осы егіс көлемін су­мен қамтамасыз ететін барлық магист­ральды және шаруашылықаралық суа­ру және қа­шыртқы жүйелеріне күр­делі жөндеу жұмыстарының жүргі­зілмеуіне байланысты жерасты су деңгейлері көтерілді.
Осы жылдан бастап облыстағы ірі Оңтүстік және Солтүстік, К-2, К-2-1, К-2-2, К-2 қашыртқыларына республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Бөлінген қаражат арқасында жүргізілген жұмыстар оң нәтижесін берді. Атап айтар болсақ, тазартылған 423,5 км қашыртқының арқасында ауданы 125909 гектар суармалы жердің мелиоративтік жағдайы жақсарды, облыс бойынша күріштің әр гектарынан   47 центнерден өнім алынды, жерасты суларының деңгейі төмендеді, қор­шаған ортаның экологиялық жағдайы жақсарды. ҚР АШМ Су ресурстары комитеті 2011 жылы «Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасы 2-ші кезеңінің (ИДЖЖ-2) түпкі мақ­саты Сырдария, Талас, Шу және Іле трансшекаралық өзендері бас­сейндеріндегі суармалы жерлерді, тозығы жеткен ирригацияны (су тасымалдаушы және суды нормалап таратуға арналған гидроқұрылымдар) жақсарта отырып, ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту.
Су ресурстары комитеті мен облыс әкімі келісіміне сәйкес 2011 жылы Жалағаш ауданында 15123 га жерді «Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасы 2-ші кезеңіне (ИДЖЖ-2) сәйкес жерге орналастыру, түгендеу және паспортын дайындау жұмыстары жүргізіліп, республикалық меншікке өткізу жүзеге асырылды.
Осы кезеңдері Үкімет қаулы­сы­на сәйкес облыстық «Қызылорда­су­шаруашылығы» коммуналдық мем­лекеттік кәсіпорны республикалық мем­лекеттік кәсіпорын болып қайта құ­рылды.
ҚР Үкіметі 28 ақпан 2011 жылғы №196 қаулысымен ҚР АШМ-ның Су ресурстары  комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы Қызылорда филиалы болып қайта құрылды. Қызылорда филиалына –   Жаңақорған,  Шиелі, Қызылорда,  Сырдария, Жалағаш,  Қармақшы,  Қазалы ауданаралық каналдар жүйесі,  Ремводпроект, «Қызылорда» су торабы, «Әйтек» су торабы, «Қазалы» су торабы және Солтүстік Арал теңізіндегі су көтеру бөгеті, гидротехникалық     құ­рылыс жә­не «Ақлақ» су торабы секілді барлығы 13 учаске кірді.
ҚР Ауыл шаруашылығы министр­лігі жыл сайын Сырдария өзенінен Қызылорда облысындағы суармалы егіске 3,8-4 млрд текше метр және табиғатты сақтауға 1,2 млрд текше метр су лимитін бөліп келеді. Осы су көлемін каналдар мен оның бойындағы гидротехникалық құрылыстар арқылы реттеп бөліп беру, қызметін филиал атқарады.
2012 жылдың 3-наурызында облыс әкімдігінде Су ресурстар коми­тетінің төрағасы И.Әбішевтің қаты­суымен «Қызылорда облысының су шаруашылығындағы кейбір мәселелер туралы» өткізілген мәжілісте Жаңа­қорған және Шиелі аудандарында Сырдария өзені ағысын реттеу жолдарын қарастырып ұсыныс беру және ауыл шаруашылығы дақылдарын сумен қамтамасыз ету жұмыстарын түбегейлі шешу мақсатында су тораптарын салу жөнінде жоба-сметалық құжаттарын дайындап, су ресурстары комитетіне өткізу «Қызылордасушаруашылығы» филиалына тапсырылған болатын. Аталған мәселе бойынша мамандар полимер негізінде синтетикалық материалдар мен бөгет конструкцияларын салу тәжірибесіне тоқталды. Олардың негізгі элементі синтетикалық материалдардан жасалған үрлемелі бөгет. Ол қажетті беріктікті, иілгіштік жә­не бүтіндікті сақтай отыра, судың дең­гейін көтеретін конструкция­ны ұсынды. Жобалау-іздестіру жұмыс­тарын об­лыстық филиалға қарасты «Ремводпроект» жобалау тобы дайындап, 2012 жылдың желтоқсан айында мемлекеттік сараптамадан өтті. Жобаның сметалық құны 997,5 млн теңге болды.
2013 жылы Жаңақорған ауданында құрылыс жұмысы басталды. Құрылыс жұмысын бас мердігер Қы­зылорда филиалы мен оған қарасты «Ремвод­проект» өндірістік учаскесі шаруашылық әдіспен жүргізді. Барлық аудандар мен Қызылорда қаласындағы учас­келерде жұмыс істейтін 700-ден астам қызметкерлер, мамандар мен жұмысшылар вахталық әдіспен жұмыс жасады. 2015 жылы наурызда Жаңа Шиелі магистральды каналына қа­жетті су деңгейін көтеру үшін Сырдария өзенінде екінші су тіреуіш плотина құрылысын салу басталып, осы жылдың қыркүйек айында аяқталды. Оны пайдалануға беру салтанатына облыс әкімі Қ.Көшербаев, Су ресурстары комитетінің төрағасы И.Әбішев, су шаруашылығы саласының ардагерлері мен мамандар және Шиелі ауданының еңбеккерлері қатысты.
«Ремводпроект» өндірістік учаскесі су шаруашылығы нысандарында ағым­дағы және күрделі жөндеу жұмыс­тарымен қатар «Бесарық» және «Жи­делі» су қоймаларына күрделі жөн­деу жұмыстарын, Қазалы ауда­нын­дағы оң жаға магистральды каналының бойындағы ПК 195 Р-2 гидротех­никалық су деңгейін көтеру тоспа құрылысын, басқа да көптеген нысандарды салу жұмыстарын жүргізді.
Ауыл шаруашылығын дамыту облыста кешенді, жүйелі жүргізіле бас­тады. «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының басты міндеті – «Қа­зақстанның Су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған іс-шара жоспарын» басшылыққа ала отырып, ел ырысын молайтуға жағдай жасай беретін болады.

Жорабек ЕРНАЗАРОВ,
«Қазсушар» РМК Қызылорда
филиалы директорының
ҚОҒАМ 10 шілде 2019 г. 1 170 0