«Саумал» жаңа сауылған бие сүті. Қазақ халқы бие сүтінің адам организміне пайдалы екендігін ежелден анықтаған. Қазіргі таңда медицина ғылымдары бие сүтінің құрамын анықтап, 80-ге жуық биологиялық белсенді қоспалар бар екендігін нақтылаған. Атап айтар болсақ, бие сүтінің құрамында А және С дәрумендеріне бай. Сонымен қатар В тобындағы дәрумендер Д, Е, Ғ витаминдер болады.
Саумалдың құрамында: белок, амин қышқылы, тез еритін май, оттегі және организмге керек кальций, натрий, фосфор, калий, темір, магний, бром сияқты минералдар, С, А, В1, В2, В6, В12, Е, РР витаминдері бар.
Саумалдың пайдасы адам организміне енгеннен кейін иммундық жүйені қалпына келтіреді. Осы арқылы организмде иммуниттет көтеріліп, денедегі аурулармен организмнің өзі қарсы тұру қабілетке ие болады.
Иммунитеттің көтерілуімен саумал ферменттері жүрек қан тамырлар жүесінің, ас қорту жүйесі, өт жолдары, туберкулез, буын, бронхиялдық асма, бүйрек, әртүрлі аллергиялық, белсіздікпен, бедеулік, қатерлі ісік ауруларының алдыңғы сатыларында ем.
Соңғы 3 жыл көлемінде жеке практикамызда саумал қабылдаған әртүрлі науқастар (өт жолдарын тазалауға, бронхиялды асмаға, қатерлі ісікке шалдыққандар, қант деңейі көтерілгендер, тері ауруларына шалдыққандар, аллергиялық, қан қысымы болған, бауыр ауруларына шалдыққанда т.б) ауруларынан айығуына немесе жеңілдеуіне осы саумалдың себеп болғандығын талай естідік.
Сондықттан «ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде» дегендей деніңіз сау болу үшін, әртүрлі науқастың алдын алу мақсатында жылына кем дегенде 15-20 күн саумал қабылдау қажет деп есептейміз.
Д.Ибрагимов
Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институтының
Қызылорда филиалының меңгеруші,
ветеринария ғылымдарының кандидаты,
С.Қызылбаев,
Аға лаборант- ветеринария ғылымдарының магистрі