Баланы ұрған тәрбиеші жұмыстан босатылды


Атырауда бүлдіршінге қол жұмсағаны үшін сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған балабақшаның тәрбиешісі жұмыстан қуылды, - деп хабарлайды ATPress.kz-ке сілтеме жасаған  https:tengrinews.kz.
         Осыған дейін баланы ұрып-соғып жатқан сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен еді. Желі қолданушылары жергілікті билік өкілдерінен мектепке дейінгі мекеменің қызметкеріне шара қолдануды сұрады.
Осыдан кейін видеоға қала әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілдері жауап берді.

"Қаланың білім басқармасы тәрбиешінің ісі үшін кешірім сұрайды. Сонымен қатар, тәрбиеші әдепті бұзғаны үшін және балалар мекемесінің 18.06.2019 жылдың № 25 бұйрығымен тәрбиеленушіге қол жұмсағаны үшін жұмыстан қуылды. Қалалық білім басқармасы Атыраудың мектепке дейінгі мекемелерінің басшылары мен тәрбиешілеріне қызметтерін адал және қызметтік міндеттерін дұрыс атқару керек екенін ескертеді. Енді осындай оқиға қайталанатын болса мекеме қызметкерлері мен оның басшылығы қызметтен босатылады", - делінген әкімдіктің ресми хабарламасында.
 

ҚОҒАМ 19 маусым 2019 г. 640 0