Бүгінде азабы мен ғажабы қатар жүретін ақындық өнерде талантты жастардың тұтас бір шоғыры қалыптасып келеді. Ойлары отты, қиялы ұшқыр. Жүрегінде жалын, жанарында оты бар жастардың бірі – әріптесіміз Ақтөре Ибрагимұлының «Жүректегі жазулар» атты өлеңдер кітабы жарық көрді.
«Жастар жылы» аясында жарыққа шыққан өлеңдер жинағында ақынның соңғы жылдары жазған жауһар жырлары енген. Тілге жеңіл, терең ойлы жазбалары оқырманға ерекше әсер қалдырады. Мәселен. «Ақын болу – жан сақтамау, ар сақтау», «Ерте келдім заманға ай-күнімнен», «Сұлулыққа құштармын», «Өлеңімді өміріме баладым», «Сөкпеңдер мені, достарым» деген өлеңдері жас буынға ой саларлық дүние. Жас ақынның алғашқы туындысы жырсүйер қауымға арналады.
Ақын болу – ел атынан наз айту,
Ақын болу – бақытыңды азайту.
Ақ қағазды жайнамаздай қадірлеп,
Елге арнап ең киелі сөз айту, –
деп Ақтөренің өзі жырлағандай, әріптесімізге биік белестерден көрініп жүре беруіне тілектестік білдіреміз.
«СБ» ақпарат.