Жастар – елдің болашағы. Сыбайлас жемқорлықсыз қоғамды жас өскіннің тәрбиесінен бастау керек. «Сұңқар» әлеуметтік қамқорлық орталығы» жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттерімен осы тақырыпта кездесті.
– «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Адал жас болашақ кепілі», «Сыбайлас жемқорлықсыз өмір» тақырыптарында осындай кездесу жиі өткізіліп тұрады. Шыбықты қалай исең, солай қарай өседі. Сондықтан осы мақсатта тиісті сала мамандарымен кездескен жастардың ой-көзқарасы да қалыптасары анық, – деді қор директоры Жанат Сұңқарбаева.
«СБ» ақпарат.