Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, діни экстремизмнің алдын алу мақсатында, ҚР АҚДМ ДІК Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының бөлім басшысы Жарас Ахановтың қатысуымен аймақта семинар-тренинг өтуде.
Шарада Ж.Аханов өңірлік ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері және дін мәселелерін зерттеу орталығы мен жастар ресурстық орталығының мамандарына деструктивті діни ағымдардың теріс идеологияларымен күресудің тәсілдерін жетілдіру жолдары туралы тәжірибесін ортаға салды.
«Радикалдармен күресте қазақ елінің Еуразия кеңістігіндегі алып империяның мұрагері екенін санаға сіңіріп отыру маңызды. Осының арқасында бойында ұлттық құндылықтарға деген мақтаныш сезімі артып, басқа жұртқа еліктемейтін болады. Осылайша ата-бабаларына деген сағышты оятып, олардың ерлік, жомарттық, білім және басқа да сүйкімді сипаттарымен көптеп мақтау қажет» деді Жарас Иебергенұлы семинарда.
Семинар барысында облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Б.Камалов өңірде дестурктивті діни ағымдардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жетілдіру жөнінде ойларын ортаға салып, бүгінгі шараның маңыздылығын атап өтті. Ал, облыстық жастар басқармасының басшысы Қ.Жанұзақов жат ағымдардың теріс идеологияларына қарсы тұруда аймақ жастарының белсенділігін арттыру қажет дейді.