Қазалыда спорт алаңы пайдалануға берілді

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, адамдардың спортпен шұғылдануына кеңінен жол ашу — бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Бұл бағытта Қазалы ауданында көптеген шаралар қолға алынуда, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.  

ЖақындаӘйтеке би кентіндегі «Мелиоратор» мөлтек ауданында спорт алаңы пайдалануға берілді.Бұл жерде енді балалармен қатар ересектер де спортпен шұғылданып, түрлі жаттығулар жасай алады.

– «Мелиоратор» мөлтек ауданында 23 екі қабатты көппәтерлі үйде 310 тұрғын үй орналасқан. Бұл жерде орта есеппен алғанда 1550-ге жуық халық тұрады. Тұрғындардың бос уақытын қауіпсіз әрі тиімді өткізуін қамтамасыз ету, физикалық тұрғыда салауатты өмір салтын қалыптастыру және қоғамда жақсы жағдайда өмір сүруіне септігін тигізу мақсатында ашылған спорт алаңы өзжұмысын бастап кетті, – дейді Әйтеке би кенті әкімі аппаратының бөлім басшысы Марат Сейтекен.

Шағын аумақтағы алаңда салауатты өмір салтын сақтап, бұқаралық спорт түрлерімен айналысатын 9 тренажерлық жаттығу құралы бар.Бұл жерде тұрғындар әр күн сайын таңертең және кешкілік уақыттарда өз беттерінше немесе спорт жаттықтырушыларының қадағалауымен түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізе алады.

 

ҚОҒАМ 06 маусым 2019 г. 1 040 0