« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Денсаулық сақтау саласы адам өміріне тікелей қатысты болғандықтан қызықты да қиын бағыттардың бірі. Бұл салада тек жүрек жылуы мол, өз жұмысына шынайы берілген, көмек сұраған адамға риясыз қызмет көрсете алатын шынайы маман ғана жұмыс істей алады. Биыл жетпіс жастық мерейтойын тойлағалы отырған, мақалаға арқау болған Серікбай Сыздықұлы Тұрсынбаев та осы саланың майталманы. Ол 1944 жылдың мамыр айында Сырдария ауданының Қарауылтөбе елді мекенінде колхозшылар отбасында дүниеге келген.
Қызылорда қаласындағы он бір жылдық №3 орыс орта мектебін бітіріп, еңбек жолын қаладағы аяқ киім фабрикасында жұмысшы болып бастады. 1969 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтының педиатрия факультетін бітіріп, Қызылорда қаласындағы біріккен балалар ауруханасына аймақтық дәрігер болып қызметке орналасты. Бұл педиатриялық аймақтың жұмысы өте ауыр, халқы жиі ауысып тұратын сол кездегі аттары "Кирпичная”, "Пролетарский” тұйығы деген қаланың шет аймақтары болатын. Соған қарамастан, Секең өз мамандығына шынайы сүйіспеншілік танытып, қала балаларының денсаулығын сақтауға елеулі үлес қосты.
1971 жылы әскер қатарына шақырылып Ресейдің Чита облысына қарасты Қытай мен Моңғолия шекарасында әскери борышын өтеді. Шекарашылар отрядының медициналық бекетінде дәрігерлік қызметте болып, қатардағы шекарашыларға, офицерлерге және олардың отбасы мүшелеріне күн-түн демей, медициналық көмек көрсетті. Әскерден қайтар алдында "Шекарашылар әскерінің” ІІ дәрежедегі үздік төсбелгісімен, бірнеше рет отряд командирінің құрмет грамоталарымен марапатталды. 1973 жылы маусым айында қайта елге оралғаннан кейін қаланың Гагарин қыстағындағы 50 төсектік балалар арасында өткір ішек ауруларының өсуіне байланысты уақытша стационар меңгерушілігіне барды. Қазан айында стационар жабылып, қаланың "Шанхай” бетіндегі емханаға меңгеруші болып, осы емханадан 1976 жылы балалар ауруханасының орталық емханасына қызмет ауыстырды.
1980 жылы облыстық денсаулық сақтау бөлімі меңгерушісінің бұйрығымен облыстың бас балалар дәрігері болып тағайындалды. Бұл кезде балалар арасында дифтерия, қызылша, полиомиелит аурулары жиі кездесіп тұратын. Сәбилер өлімінің көрсеткіші де жоғары еді. Осыған байланысты облыс көлемінде бүкіл балалардың егу құжаттары тексеріліп, реттеліп, Шик реакциясы қойылып, соның қорытындысы бойынша қосымша егу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде дифтерия, қызылша, полиомиелит аурулары тоқтады. Осы жұмыстарда білікті дәрігер аянбай тер төкті. 1984 жылы бала мен анаға медициналық көмек көрсету жөніндегі меңгеруші орынбасары болып, 4 жылдан соң облыстық денсаулық сақтау бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасарлығына тағайындалды. Бұл кездері облыстағы ана мен бала денсаулығының жағдайы С.Тұрсынбаевтың ұдайы назарында болды.
Ол 1996-2003 жылдары қаладағы №1 емхананың бас дәрігері қызметін абыройлы атқарды. Зейнетке шыққанымен ол өз сүйікті қызметінен қол үзген жоқ. 2004 жылдан бері бүгінгі күнге дейін облыстық наркологиялық орталығы бас дәрігерінің төтенше жағдайлар жөніндегі орынбасары және қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы жанындағы медициналық сараптама комиссиясының төрағасы қызметтерін атқарып келеді. Сондай-ақ, облыс медицина ардагерлері кеңесі төрайымының орынбасары қызметін қоғамдық негізде жүргізеді.
Серікбай Тұрсынбаевтың медицина саласындағы еңбегі елеусіз қалмады. Ол КСРО Денсаулық сақтау саласының үздігі төсбелгісін, облыс әкімі мен облыстық мәслихаттың мақтау грамоталарын иеленді. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 10 жыл” мерекелік медалін және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен "Шапағат” медалін омырауына тақты. Биыл мамыр айында Ұлттық медициналық қауымдастығы оны "Алтын дәрігер” төсбелгісімен марапаттады.
Серікбай Сыздықұлы ұлағатты отбасы иесі. Жұбайы Раиса Есмаханова ардагер-дәрігер. Ұзақ жылдар бойына аймақтық балалар дәрігері, 18 жыл облыстық жұқпалы ауруханасында бөлімше меңгерушісі қызметтерін атқарды. Секең Раиса жеңгеміз екеуі үш ұлды дүниеге келтіріп, тәрбиеледі. Бүгінде бәрі отбасылы, жоғары білімді, әр салада жұмыстар атқарады. Үлкені Мұрат пен келіні Дина қазір Атырау қаласында қызмет істейді. Ортаншы баласы Дәурен мен келіні Сәуле қаржы қызметкерлері, ал екіншісі Дәулет пен келіні Гүлнар жоғары санаттағы дәрігерлер.
Төрехан БЕКТЕГЕН,
облыстық наркологиялық
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |