Жүргізушілерге түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

 Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізіп,  көлік жүргізушілерінің сұрақтарына жауап беруде.

Қала аумағында әкімшілік құқық бұзушылықтарды автоматты түрде анықтайтын камералар құрылған ба?

Қала аумағында автоматты жүйеде жұмыс атқаратын фото-видеокамералары 8 (сегіз) көше қиылыстарында орналасқан.

Жалпы атқаратын жұмысын айта келсек: бағдаршамның қызыл түсіне өту, бағдаршам алдында орналасқан тоқтау сызығынан өтуін, жолдың жүру бөлігінің қарама-қарсы бағытына шығу және жылдамдық асыру дерегін автоматты түрде анықтайды.

Құқық бұзушылық жасалған жағдайда кім жауапты болады?

ҚР ӘҚБтК-нің 31- бабының 1-бөлігінің талаптарына сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тiркелген кезде жол жүрiсi саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа көлiк құралдарының меншiк иелерi (иелерi) тартылады.

Егер де автокөлікті сақтандыру полисі арқылы басқа жүргізуші басқарып жүрген жағдайда айыппұлға кім жауапты болады?

ҚР ӘҚБтК-нің 31-бабының 2-бөлігінің талаптары бойынша, егер көлiк құралының меншiк иесiнiң (иесiнiң) хабарламасы немесе арызы бойынша тексеру барысында құқық бұзушылық тiркелген кезде көлiк құралы иелiгiнде болған тұлға анықталса не басқа тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеттерiнiң нәтижесінде көлiк құралына ие бола алмай қалса, осы көлiк құралының қатысуымен жасалған құқық бұзушылық үшiн ол әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылады.

Ұйғарым шығарылғаннан кейін оны қалай аламыз?

Автоматты жүйеде жұмыс атқаратын бейнекамераларымен құқық бұзушылық анықталған жағдайда, ҚР ӘҚБтК-нің 822-1 - бабының 3-бөлігінің талаптарына сәйкес (Белгіленген үлгідегі түбіртегі бар, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген күннен бастап он тәулік ішінде көлік құралының меншік иесіне (иесіне) жіберіледі) ұйғарым шығарылып «КазПочта» қызметі арқылы автокөлік тіркелген иесінің мекен-жайына жіберіледі.  

Автоматты режимде жұмыс атқаратын арнайы фото-видеокамераларымен анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтарға 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған ба?

Кодекстің 811 - бабының 1 - бөлігінің талаптары бойынша, тұлға автоматты жүйеде жұмыс атқаратын арнайы бақылау өлшегіш техникалық құралымен анықталған құқық бұзушылық деректерінің айыппұлын елу пайыздық жеңілдікпен, шығарылған ұйғарымды қолына алған күннен бастап жеті тәулік ішінде төлеуге құқылы.

Ұйғарымды қолына қай кезде алды деп есептеуге болады?

Кодекстің 743-бабының 4-1 - тармағы бойынша, тұлға ұйғарымды алды деп есептеуге болады, егер жеке немесе онымен бірге тұрып жатқан кәмелет жасына толған отбасы мүшелерінің біріне тапсырылғаны туралы жөнелтушіге қайтаруға жататын хабардар етуге қол қойып тапсырылатын тапсырыс хатпен хабарлаған жағдайда, заңды тұлғаларға арналған хабарлама заңды тұлғаның басшысына немесе заңды тұлғаның жауапты қызметкеріне   аты-жөні мен лауазымын көрсетіп, тапсырылғаны туралы хабарламаға қол қою арқылы хабардар етушіге кейін қайтарылады делінген.

Салынған айыппұлды жеті тәулік ішінде төлеп үлгірмесе?  

Егер бір тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық бойынша әкімшілік айыппұл салынса, жеті тәулік ішінде 50 пайыздық жеңілдікпен төлеуге құқылы, жеті тәулікте төленбесе 30 тәулік ішінде ерікті түрде толық көлемде төлейді.

Осы аталған іс әрекеттер орындалмаған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 894-бабының талаптарына сәйкес, мәжбүрлі түрде орындату үшін жеке сот орындаушылар палатасына жолданып, салынған айыппұл сомасынан бөлек 25 пайыздық үстемақы жеке сот орындаушыларға төленеді.

Айыппұлдарды қайда және қалай төлеуге болады?

Айыппұлды төлеудің бірнеше жолдары бар. Бүгінгі таңда айыппұлды әдеттегі кассалардан бөлек екінші дәрежелі банктердің терминалдары арқылы төлеуге де болады. Бюджеттік сыныптама коды – 2014106, айыппұлды төлеуге әкімшілік хаттама нөмірі де керек. Сонымен қатар, айыппұлды egov.kz  электронды сайты арқылы да төлеуге болады.

Еgov.kz электронды сайты арқылы айыппұлды төлеу үшін құқық бұзушының ЖСН болуы тиіс. Төлеген соң төлем парақшасын шығарып ала аласыз.

Қызылорда қаласы Жібек Жолы көшесі №22 мекен жайында орналасқан Жергілікті полиция қызметі басқармасының ғимаратындағы әкімшілік практика бөлімінде кассадан бөлек терминал және Еgov.kz электронды сайты арқылы да төлей аласыз. Қала тұрғындарына төлеуге кеңесшілер көмек көрсетуде.

Төленген түбіртекті өткізіңіз!

Айыппұлды төлеп қана қоймай, төленгені жөніндегі түбіртекті өткізу қажет екендігін тағы да естерініңізге саламыз. Салынған әкімшілік айыппұлды төлеген соң ҚР ӘҚБтК-де лауазымды тұлғаны хабардар ету жөнінде көрсетілген.



Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

ҚОҒАМ 04 маусым 2019 г. 585 0