« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Ел азаматтарының әлеуметтік жағдайына оң әсер еткен бағдарламалардың бір бөлігі жұмыссыздықты ауыздықтауды көздейді. Тұрғындар арасында "екі қолға бір жұмыс таппадым” деп бос жүретіндер саны уақыт өткен сайын азайып келеді. Бір анығы, жас та, жасамыс та белі бүгіліп еңбек етпегеннің, маңдайы терлеп ас ішпейтінін түсінген.
н айналып өте алмаймыз. Соның бірі облыста жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрап отырғанын көрсетті. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін сараласақ, 15-24 жас аралығындағылар 6,2 пайызды, 15-28 жастағылар 6,8 пайызды құрады.
Биылғы меже 9500 жаңа жұмыс орнын құру болатын. Маусымның басына дейін 3243 жаңа жұмыс орны ашылды. Жұмыспен қамту органдарына хабарласқандардың 38 пайызға жуығы жұмысқа орналастырылды.
Бұл орайдағы мақсатты бағдарлама «Жұмыспен қамту – 2020 Жол картасына» 6626,3 млн. теңге қаралып отыр. Бағдарламаға қатысушы ретінде жыл басынан 4088 адам хабарласып, соның ішінен 3885 адаммен әлеуметтік келісім шарт жасалды.
Бағдарламаның бірінші бағыты – инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз ету бойынша жер-жерде жұмыс орындары ашылды. Қазалы ауданындағы Қожабақы, Пірімов ауылдарының мектептерін күрделі жөндеу, Жалағаш ауданында абаттандыру жұмыстары басталды. Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Шиелі аудандарында дәрігерлік амбулатория құрылыстары басталып, 56 адам жұмыспен қамтылды.
Екінші бағыт – ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамытуға 2389,8 млн.теңге қаралған. Несиелендіруге 2349,5 млн. теңге бөлінген. Сәуір айынан бастап Сырдария ауданында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыс бойынша филиалы 192 адамға 467,3 млн.теңге несие берді.
Облыста шағын несие беретін уәкілетті орган ретінде «Байқоңыр» ӘКК ҰК және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы нақтыланды. Өңірлік комиссия шешімімен соңғы несие алушыға жылдық сыйақы мөлшері 6 пайыздан жоғары емес болып белгіленді.
Бағдарламаның үшінші бағыты – жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге 2288,4 млн. теңге қаралған.
Қайта даярлау курстарына Арал ауданынан – 55, Қазалы ауданынан – 50, Шиелі ауданынан – 35, Жаңақорған ауданынан – 45, Қызылорда қаласынан 80 адам жолданған. Біліктілік арттыру курстарынан өтушілер де жаңа жұмыс орнына бейімделудің жолдарын меңгеруде.
Бағдарлама бастау алғаннан бері 2011-2014 жылдары оқу курстарын бітірген 6057 адамның 4740-ы (78,2%) жұмыспен қамтылды. Ал 920 адам жоғары оқу орнына түсуіне, қоныс аударуына байланысты жұмысқа орналаспаған. Жұмыспен қамтылмаған 397 адамды еңбекпен қамту бағытында жұмыстар атқарылуда.
Жыл басынан 541 мекеме, кәсіпорынға 1692 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылып, оларға 77,8 млн. теңге қаржы төленді. Мерзімі аяқталған 74 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Оған қоса, 507 мекеме, кәсіпорынға 985 адам жастар тәжірибесіне жолданып, оларға 79,4 млн. теңге қаржы төленді. Мерзімі аяқталған 97 бағдарлама қатысушысы тұрақты жұмыспен қамтылды.
Қызылорда қаласында бір 30 пәтерлік қызметтік үй пайдалануға беріліп, 127 бағдарлама қатысушысы қоныс аударды, 61 еңбекке қабілетті азаматтар ішінен 37-сі жұмыспен қамтылды.
"Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасының осы қарқыны сақталса, межелі 2020 жылға қарай жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру мақсаты орындалмақ. Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды жұмыспен қамтудың белсенді бағдарламаларына тарту, индустрияландыру бағдарламасын іске асыру үшін кадр әлеуеті қалыптаспақ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |