Сандық технология – болашаққа баспалдақ

Елімізді дамыған 30 мемлекет қатарынан көру үшін сандық технологияны қарқынды дамыту – ең өзекті мәселелердің бірі. Қашанда жаңа технологияға бай мемлекет көш бастап тұратыны сөзсіз. Сондықтан ел экономикасын цифрландыру негізінде дамытып, жаңа индустрияны қалыптастыру әлемдік өркениетке сенімді қадам басудың алғышарты болмақ.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының басты мақсаты – тұрғындардың өмір сапасын арттыру әрі ұлттық экономиканы цифрландыру. Көптеген дамушы елдер бұл бағытта қаржысын да, ресурстарын да аяп жатқаны жоқ. Жаһандық жүйеде белсенді дамып келе жатқан елдердің қатарында Қазақстан да бар.
Егер қарапайым тұрғындар сандық технологияны жетік меңгерер болса, қажетті ақпаратқа қол жеткізу, үкіметпен тығыз байланыс орнату да жеңілдей түседі. Оның үстіне, ақпаратты алмасу мен сақтауда алға басарымызға шүбә жоқ. Қарапайым ғана мысал, сымсыз телефондар, желілік арналар – осындай іс-әрекеттердің жемісі.
Тұрғындардың кеңжолақты ғаламторға қолжетімділігі қоғамның сандық сауаттылығының артуы және электронды жүйенің шарықтау шегі екені баршаға аян. Сондай-ақ, кез келген мемлекеттік басқармаларға интернет же­лісі арқылы сұрау тастау мүмкіндігіне ие боласыз. Сандық технологияның ең үздік жетістігі де осы. Сонымен бірге, сандық технология­ның экономикадағы бә­се­келестік пен тұрғын тұр­мысын жақсартудағы ат­қаратын жетекші рөлі зор. Озық елдер тәжірибесі көр­сеткендей, тиімді цифр­ландыру шаралары экономиканың қарқынды дамуы мен халықтың өмір сүру сапасын арттырудың негізгі факторына айналды.
Сандық технология елі­міздің өркениетті мемлекеттер қатарында болуы үшін бірден-бір таптырмас мүмкіндік.

Ғалия БИСЕЙІТ,
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық
қазақ-түрік ­университетінің студенті.
ҚОҒАМ 26 мамыр 2019 г. 757 0