Болашақ – жастардың қолында

 Атам қазақ «бірінші байлық – денсаулық» деп бекер айтпаған. Жастар денсаулық орталығының ұйымдастыруымен 8-11 сыныптар арасында «дөңгелек үстел» өтті. Шараға оқушылар қызығушылықпен белсене қатысып, темекі мен есірткінің адам өміріне зияны туралы біраз мағлұмат алды.
«Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілгендей, өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты болу үшін зиянды әдеттерден – ішімдік, нашақорлық, шылым шегуден сақтандыру, олардың денсаулыққа, өскелең ұрпаққа зиян екендігін түсіндіру мақсатында мұндай шаралар алдағы уақытта да ұйымдастырылады.  


Меруерт ҚАЙЫРБЕКОВА,
Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы
№39 «Қызылөзек» орта мектебінің мұғалімі.
ҚОҒАМ 23 мамыр 2019 г. 778 0