« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
қазақтардың
зейнетақы төлемдері
қалай есептеледі?
Елбасының V Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында берген тапсырмасын орындау үшін кейбір заңнамалық актілер тарихи отанына оралған этникалық қазақтардың еңбек өтілін есепке алу ережелерімен, аталған норманы жүзеге асыратын қағида этникалық қазақтардың шығу еліндегі еңбек қызметін растайтын құжатпен толықтырылды.
Бұл норма осы жылдың 8 қаңтарынан бастап күшіне енді. Құжаттың бірыңғай нысаны, сондай-ақ оны жария ету бойынша қандай да бір ерекше талаптар көзделмеген. Тек шыққан елде берілген құжаттар туралы екенін ескере отырып, құжаттардың бір тілден екінші тілге дұрыс аударылуы еліміздің “Нотариат туралы” заңына сәйкес куәландырылуы тиіс.
Осылайша зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде этникалық қазақтардың шығу еліндегі еңбек қызметін есепке алу мәселері заң жүзінде реттелген.
Мемлекеттік
базалық
зейнетақыны
тағайындауда
не өзгеріс бар?
Қолданыстағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға, оны жүзеге асыратын қағидаға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін базалық зейнетақы азаматтың еңбек өтіліне және табысына қарамастан баршаға бірдей тағайындалған болса, ал 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесі өзгерді.
Базалық зейнетақы тек жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен кезде (58-63/63 жаста), оны тағайындау үшін қатысу өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі, 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі (міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу кезеңдері) жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңдері есепке алынады.
Бұл ретте базалық зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл немесе одан аз болса немесе мүлдем болмаса, онда оның мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ін құрайды. 10 жылдан артық әрбір жыл үшін оның мөлшері 2%-ке ұлғайтылады, ал 33 жыл және одан көп болса, ол ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына тең болады. (жалпы өтілі 33 жылдан көп болса, базалық зейнетақының мөлшері – 29698 теңге (2019 жылға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ЕТКД 100 %-ін) құрайды.
Қағидаға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен толықтырулар енгізілді. Бұл тармақта міндетті зейнетақы жарналары толық және уақытылы аударылмаған жағдайда міндетті зейнетақы жарналарын (олардың болуына қарай) жүзеге асыру кезеңдері қандай құжаттармен расталатындығы көрсетілген. Міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңдер өтініш беруші еңбек өтілін растайтын құжаттарда көрсетілген еңбек қызметінің кезеңдеріне сәйкес келсе, міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы жұмыс берушінің (құқықтық мирасқордың) немесе архивтік мекеменің растау анықтамасы керек. Жарналарды аудару кезеңдері сот органдарының шешімі негізінде расталады.
Осыған байланысты 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі міндетті зейнетақы жарналары жинақтаушы зейнетақы қорына толық немесе уақытылы аударылмаған зейнетақы төлемін алушылар міндетті зейнетақы жарналарының аудару кезеңдері еңбек өтілін растайтын құжаттарда көрсетілген еңбек қызметінің кезеңдеріне сәйкес келсе, міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы жұмыс берушінің (құқықтық мирасқордың) немесе архивтік мекеменің растау анықтамасын тұрғылықты жеріндегі мемлекеттік корпорацияның бөлімшелеріне өтінішімен қоса тапсыруы қажет.
Егер мекемесі немесе құқықтық мирасқоры болмаған, жұмыс істеген мекемесінің құжаттары мұрағат бөліміне сақтауға түспесе, яғни аталған органдар міндетті зейнетақы жарналарының аудару кезеңдерін дәлелдей алмаса, сот шешімі негізінде растауға болатынын түсіндіреміз.
Осы заңнамаға енгізілген өзгерістерге байланысты есепте тұрған зейнеткерлер қосымша құжаттар тапсырған кезде зейнетақы төлемдерінің мөлшері өтініш берген күннен бастап қайта қаралады.
Лиман БОРАНБАЕВА,
еңбек, әлеуметтік
қорғау және көші-қон комитетінің облыс бойынша департаменті басшысының орынбасары.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |