« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
сот-бейнефонографиялық сараптама
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осы орайда Қызылорда облысы бойынша Cот сараптамасы институты сыбайлас жемқорлыққа қатысты тағайындалған қаулылар бойынша сараптамалар жүргізіп, жемқорлықпен күресуде өзіндік үлес қосып келеді.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күресуде ғылыми-техникалық құрылымы мен әдістері бар сараптаманың жаңа түрлерінің бірі – сот-бейнефонографиялық сараптаманың орны ерекше болып отыр.
Технология мен байланыс құралдарының дамуындағы жетістіктерді пайдалана отырып, адамдар өздерінің заңға қайшы әрекеттерінде коммерциялық және экономикалық қызметте, тасымалдау, туризм, заңсыз кәсіпкерлік жағдайында түрлі аудио және бейнежазбаларды жиі қолданатыны белгілі.
Сот бейнефонографиялық сараптама адамдардың конституциялық және басқа да құқықтары мен бостандықтарына, адамзаттың қауіпсіздігі мен бейбітшілікке, мемлекеттің қауіпсіздігі мен конституциялық құрылымының негіздеріне, қоғамдық тәртіпке, халықтың денсаулығы мен адамгершілігіне, басқару тәртібіне, мемлекеттік қызмет мүдделеріне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстық істер бойынша жүргізіледі.
Фонограмманы криминалистік зерттеуде негізгі екі бағыт болады: біріншісі – адамның сөйлеген сөзі, екіншісі – дыбыс жазбасының техникалық жағы. Осыған байланысты аталған сараптама бойыншамагниттік фонограмманы техникалық тұрғыдан зерттеу және ауызша сөйлеу фонограммасын зерттеу сияқты сараптамалық зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Сот-бейнефонографиялық сараптама табиғатына тән ерекшелік сараптаманың бұл түрі арнаулы ғылыми білім-білігі бар екі сарапшының қатысуымен жүргізіледі.
Техникалық зерттеу магниттік дыбыс жазбасының ерекше табиғатына себепші болатын магниттік фонограмманың қасиеттерін зерттеу мәселесіне мән береді.
Адамның дауысы мен сөздерінің біреуге тиістілігін анықтау мақсатында теңдестірушілік зерттеу жүргізіледі. Ол үшін зерттеуге ұсынылған фонограммадағы дауыс сараптамалық зерттеу үшін алынған үлгімен салыстырылып, нәтижелері бағаланады. Көбінесе экспериментальды, яғни сараптама үшін арнайы алынған үлгілер қолданылады.
Қазіргі кезде тағайындаған сараптамалар бойынша мәтіннің сөзбе-сөз мазмұны мен әңгімеге қатысқан адамдардың санын анықтауға, фонограмманың түпнұсқа немесе көшірме екендігіне, фонограммадаүздіксіз жазбаның және әңгімеге жазу кезінде немесе одан кейін енгізілген өзгерту мен монтаж белгілерінің бар-жоқтығына, зерттеу фонограммасында жазылған дауыс пен сөздің белгілі бір адамға тиістілігіне қатысты сұрақтар бойынша зерттеулер жүргізіліп, сот сараптама қорытындылары берілуде.
Әйгерім ЖҰМАТАЕВА,
Қызылорда облысы бойынша
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |