ҚОЛЫ ШИПА, СӨЗІ ДӘРУ

Бұрындары онкологиялық ауруды жазылмайтын дерт деп ойлайтын едік. Қазіргі медицина бұл аурудың да емін тауып, науқастарға екінші өмір сыйлап жүр. Бұл ең алдымен қолы шипалы, сөзі дәру дәрігерлердің арқасы деп білемін.

Осыдан екі жылдан астам уақыт бұрын маған онкология орталығында операция жасалды. Онкогинеколог Әзиз Құрбанбаевтың бақылауында болып, 6 рет химиотерапия алдым. Қазір ауруды жеңіп, балаларымның ортасында жүргенім үшін Әзиздей абзал жанға шексіз алғыс айтамын.

Орталық дәрігерлері онкологиялық ауруға шалдыққан жандарды дертімен күресуге, сары уайымға салынбауға шақырып, үміт отын жағады. Емдеуші дәрігерімнің бойынан шипагерге тән қасиеттердің бәрін көрдім. Медицина қызметкерлері мерекесі қарсаңында барша ақ халатты жандарға және Әзиз Құрбанбаевқа аналық алғысымды жеткізіп, бар жақсылықты тілеймін.

Мейрамгүл СҮЛЕЙМЕН.

Шіркейлі ауылы,

Сырдария ауданы.
ҚОҒАМ 14 маусым 2014 г. 781 0