« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
үмiт ақталды ма?
Т.Жүргенов атындағы шығармашылық үйіндегі коммуникациялар орталығында облыстық білім басқармасының басшысы Наурызбай Байқадамов БАҚ өкілдеріне салада атқарылған істер мен алдағы міндеттерді, биылғы оқу жылын қорытындылаған ҰБТ-ның сапасы мен салмағы жайында жан-жақты әңгімеледі.
– Өткен жылы білім саласына бөлінген қаржы 51,3 млрд. теңге болса, биыл ол 59,7 млрд. теңге болып бекітілді,– деді сала басшысы.– Басқармаға қарасты 46 мекеме балалар мен жасөспірімдерге сапалы білім, саналы тәрбие беруде өздерінің хал-қадірінше еңбек етуде. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беретін 555 ұйым 36553 баланы тәрбиелеп отыр. 3-6 жастағы балалардың мектепке дейінгі ұйымға қамтылуы өткен жылы 80,9 пайыз болса, биыл ол 87 пайызға жетті, оны жыл соңына дейін 95 пайызға жеткізу көзделуде.
Өткен оқу жылынан бастап мектепте үш ауысымда оқу атымен жойылды. Апатты жағдайдағы 25 мектептің құрылысы жергілікті бюджет есебінен 2016 жылға дейін толық шешіледі деп күтілуде. Уақыт талабы Сыр өңірінің білім саласына заманауи өзгерістерді үздіксіз ендіруді талап етеді. Мәселен, Жаңақорған ауданында орналасқан "Облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру” орталығы жыл бойы жұмыс жүргізуге көшті. Облыс бойынша жалпы қосымша біліммен 64019 бала қамтылған, бұл барлық оқушының 50,8 пайызы. Алдағы уақытта қала сыртындағы жазғы тынығу лагерьлерін жыл бойы үзіліссіз жұмыс істеуге көшіру жоспарлануда. Бұл балалардың қосымша дайындығын арттырып, ұстаздардың біліктілігін жетілдіруге өзіндік көмек болары анық.
Сала басшысы жыл басында мемлекеттік мекеме болып табылатын орта білім беретін колледждердің коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорын болып қайта рәсімделгенін айта келіп, биылғы жылы жаңадан ашылатын 10 мамандыққа облыстық бюджеттен 106 млн. теңге қаржы қаралғанына тоқталды. Қазалы көлік-техникалық, Қызылорда политехникалық, Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледждері Әлемдік даму банкінің "Техникалық және кәсіптік білім беруді модернизациялау” жобасы бойынша жеңімпаз танылып, әрқайсысы 59 млн. теңгеден грант ұтып алды. Енді колледж инженер-педагогтары Франция, Германия, Белоруссия мен Ресейде білімдерін арттырып, біліктіліктерін жетілдіретін болады. Оқу орындары заманауи техникалармен жарақтандырылуда.
Үстіміздегі жылы он бірінші рет өтіп отырған Ұлттық бірыңғай тест барысы не көрсетті? Биыл ҰБТ-ға қатысуға аймақ орта мектептерін бітіретін 7064 түлектің 5103-і өтініш білдірген болатын-ды. Бұл мектеп бітірушілердің 72,2 пайызы саналады, өткен жылы бұл көрсеткіш 65 пайыз болған-ды. Маусым айының 2-5 аралығында өткен ҰБТ-ның алғашқы қорытындысы не көрсетті? Облыс бойынша ҰБТ-ға қатысуға тиіс 5103 түлектің 4987-сі сынаққа қатысты. Биылғы 45 түлек дүниежүзілік, халықаралық, республикалық деңгейдегі пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобаларға қатысып, ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес ҰБТ-дан босатылып, мемлекеттік оқу грантына ие болды. "Алтын белгіге” үміткер 249 бітірушінің 94-і, "Үздік аттестатқа” үміткер 65 оқушының 15-і өз білімдерін толық дәлелдеп шықты. "Алтын белгіге” үміткер болған 38 баланың 1 балы жетпей қалған, олардың барлығы да ереже талаптарына сәйкес "Үздік аттестат” иегері болып табылады. Сонымен қатар "Алтын белгіге” үміткер болып саналмайтын 43 талапкер барлық пәнді 5 деген бағаға тапсырды, әрбір он бірінші оқушы 100 балдық белестен көрінді. Облыс бойынша ең жоғары 122 балды №11 және №136 мектеп-лицей түлектері Жансая Жеткергенова мен Перизат Қыпшақбай иеленді. Апелляцияға барлығы 112 мектеп бітіруші өтініш беріп, оның 3-уі балл алды. Одан бөлек, "Алтын белгіге” 1 үміткер, "Үздік аттестатқа” 2 үміткер апелляция арқылы өз білімдерін қорғап шықты.
ҰБТ-ның жақсы жақтарымен қатар көлеңкелі тұстары да бары жасырын емес. 280 бітіруші ”2-лік” алса, 644-і шекті балдан өте алмай қалды. Ал №253 орта мектеп түлегі бар-жоғы 15 балл алды. Сонымен қатар сынақ кезінде Жаңақорған ауданынан – 1, Қызылорда қаласынан 3 түлек ҰБТ талаптарын бұзғандықтан аудиториядан шығарылды.
Талайлардың жүрегін лүпілдеткен, түн ұйқысын төрт бөліп, шарасыз күйге қалдырған ҰБТ өз мәресіне жетті. Сыр түлектері қандай дәрежеге көтерілді, апелляция қорытындысы не көрсетеді? Ұстаздар мен ата-аналардың биылғы үміті ақталды ма? Жауап алдағы күндер еншісінде...
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |