« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Кореяда ауыр жұмыс салдарынан Қазақстанның жеті азаматы қаза тапты. Олардың 30-40 жас аралығындағы жігіттер екендігі анықталды. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Мендегі ақпаратқа сәйкес, осы жылдың басынан бері мыңнан астам Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореядан өз еркімен елге оралды. Депортацияланғандары да бар. Олардың саны мұнан әлдеқайда көп. Әзірше деректер жария етілмейді.
Бұл операция жалғасуда. Ол жақта қалған Қазақстан азаматтары әлі де баршылық.
Бізге қайғылы хабарлар да келіп түсіп жатыр. Соңғы жарты жылдың ішінде Оңтүстік Корея аумағында заңсыз жүрген жеті азаматымыз қайтыс болды. Олар 30-40-тың арасындағы, жас жігіттер", - деді Айбек Смадияров.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкіл олардың неден қаза тапқанын да айтып берді.
"Қара жұмыстан кешке үйлеріне шаршап келіп ұйықтағаннан кейін таңертең оянбай қалған. Оларда медициналық сақтандыру жоқ, жұмыс істеп жатқан мекемесімен жұмыс шарты болмағандықтан ешқандай құқықтары көзделмеген. Туыстары денесін елге жеткізетін кезде біраз қиналды. Себебі бір мәйітті Оңтүстік Кореядан елге жеткізуге 6-7 мың доллар қаржы кетеді", - деді ол.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |