Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басты басымдықтар – елдің әл-ауқатын жақсарту мәселелері. Бұл Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауынан, сондай-ақ «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» мен Жастар жылының басталуынан анық көрінеді.
Бүгінгі басты жəне ең өзекті мəселелердің бірі – баспана жайы. Былтырдан бас тап «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы қолға алынды. Өткен жылы серіктес банктер 44,2 млрд теңге сомасында ипотекалық несие берді. Аймақтарда қатысушылар саны бойынша көшбасшы – Астана қаласы, одан кейінгі орында Алматы қаласы, Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан жəне Ақмола облыстары. Банктердің ішінде тұрғын үй сатып алуға берілген несиелердің басым бөлігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен берілген.
2018 жылы банктің 37 мыңға жуық салымшы лары өз шаршы метріне ие болды. Ең көп несиелер Астана (7,7 мың несие), Алматы (5,8 мың несие) қалалары жəне Ақтөбе облысында (3,7 мың несие) берілді. Ондағы 37 мың несиенің 42%-ы бастапқы нарықта тұрғын үйді сатып алуға, ал екінші нарықта 52%-ды құрады. Жаһандық экономикалық ахуалдың турбуленттілігі жағдайында Қазақстан жаңа биіктерді одан əрі өрістететін зор əлеуетке ие.
Мәдина НҰРҒАЛИЕВА,
Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары