« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Өткен сенбіде "Евразия” спорт кешенінде жазушы-журналист Қази Данабаевты еске алуға арналған шағын футболдан және шахмат пен дойбыдан турнир өтті.
Шараның ашылу салтанатында сөз алған қаламгердің сыйлас ағасы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры Мұстафа Матаев, облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрайымы Райкүл Байназарова, "Сыр медиа” ЖШС ардагерлер кеңесінің төрағасы, ақын Әскербек Рахымбекұлы, ағайындары атынан аралдық азамат Қазыбек Аяпов оның азаматтық тұлғасы жайлы жылы лебіздерін білдіріп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Мектеп оқушылары арасындағы шағын футбол додасына 8 команда қатысты. Бір атап өтерлігі, балғын аяқдопшылар сайысында марқұмның туған топырағы Арал ауданының Қарақұм ауылынан ат арытып жеткен №59 орта мектеп ұландары шеберлік байқасты. Аса тартысты өткен теңбіл доп турнирінде облыс орталығындағы №173 орта мектеп өрендерінің мерейі үстем болса, жүлделі орындарды №15 және №1 мектеп-лицей командалары өзара бөлісті. Жанкүйерлерді шеберліктерімен тәнті еткен былғары доп иелері "Үздік қақпашы”, "Үздік қорғаушы”, "Үздік шабуылшы” номинацияларын қанжығаларына байлады.
Шахмат пен дойбыдан бәсеке негізінен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында өткізілді. Ойлылар ойынында "Кызылординские вести” газетінің бас редакторы Тимур Қасымов топ жарса, осы басылымның қызметкері Виталий Скорняков екінші орынды қанағат етті. Үштікті "Қазақстан-Қызылорда” телеарнасының қызметкері Мұрат Шөкенов түйіндеді. Ал, дойбышылар сайысында "Сыр медиа” ЖШС-ның бөлім басшысы Сәбит Көшербаев көш бастаса, екінші орын "Қоғам ТВ” телеканалының тілшісі Асқар Тәжиевтің еншісіне бұйырды. Үшінші орынды "Сыр медиа” серіктестігінің тағы бір қызметкері Шыңғыс Бекішев иеленді.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Еске алу шарасының соңында марқұмның рухына ас беріліп, құран бағышталды.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |