Өмір – өтпелі, жол – жетпелі. Сырғыған уақыттан сытылып шығатын қайран жоқ. Құзырет те, қызмет те солай. Дүниені дүрілдеткен, әмірі әлемге жетік не бір паңдар өтті, бұл жерден.
Келіп, кету - тіршіліктің өзгермес заңы. Тұғырында тұрақтап қалған ешкім жоқ. Қалатыны, ізгі ісің не кесір қылығың. Біз ес білгелі бір адамды Елбасы деп таныдық; біз ес білгелі – жау жағадан ала ма, деп алаң болмадық, шырт ұйықтадық; біз ес білгелі – Тәуелсіз Қазақ елінде өмір сүріп келеміз. Ең бастысы осы! Ширек ғасырдан астам баянды бақты тайдырмай, ғұмырын елдік жолға арнаған тұлғаға алғыстан басқа айтарым жоқ. Бәрі үшін рақмет!
Елжас ӘБДІЛДА,
журналист.