Ел сізге риза, тұңғыш Президент!

 Елбасы елінің алдында еңсесі биік, абыройы асқақ күйде жауапкершілігі ауыр қызметтің әдемі нүктесін қойды. Кезінде тәуелсіздіктің жылнама парағын өзі ашып еді. Қиын-қыстау кезеңде қиядан жол тапты. Елді қырық-пышақ қырқыстарға, араздықтарға ұрындырмады. Бейбіт өмір кештік. Шекарамызды нықтадық, Астанамызды салдық. Тариx дейтін алыптың өлшемімен қарағанда, талай-талай табысқа жеттік. Осынау игіліктің бәрінде әуелі Алланың берген игілігі болса, одан соң Елбасының ерен еңбегі жатыр.

Елбасы елге бас иіп алғысын айтты. Ел де сізге риза, Тұңғыш Президент! Оған әлеуметтік желідегі ризалығын ақтарып, көңілдері босап отырған ел-жұрттың пейілі дәлел.



Мұрат ЕСЖАН, 

 «Болашақ» бағдарламасының түлегі.

ҚОҒАМ 20 наурыз 2019 г. 1 103 0